Basty bet

Батамен ел көгерер!

Жамбыл облыстық ардагерлер кеңесі ұлттық салт-дәстүрлерді насихаттау мақсатында батагөйлердің облыстық байқауын жариялайды
Жамбыл облыстық ардагерлер кеңесі ұлттық салт-дәстүрлер мен батаның тәрбиелік мән-маңызын кеңінен насихаттау мақсатында «Батамен ел көгерер!» тақырыбында облыстық байқауын жариялайды.
Байқаудың мақсаты – ата-бабалардан келе жатқан бата беру дәстүрін кеңінен дәріптеп, өскелең жас ұрпақты үлкендерді құрметтей білуге, аталы сөзден ғибрат алуға тәрбиелеу, батаның ғибраттарын жас ұрпақтың бойына сіңіру болып табылады. Аталған байқауды Жамбыл облыстық ардагерлер кеңесінің жанындағы Билер кеңесі ұйымдастырады. Байқаудың шартына сәйкес, оған облыстың орталығы Тараз қаласынан және облыстың аудандарынан жасы 60-тан асқан аға буынның өкілдері қатыса алады.
Байқаудың шарты мен ережелері Тараз қаласы және аудандық ардагерлер кеңестеріне қосымша жолданады. Байқау екі кезеңнің аясында ұйымдастырылады. Бірінші кезең қалалық және аудандық деңгейде 2026 жылдың 20 сәуірі мен 10 маусымның аралығында өтті. Ал екінші кезеңде облысқа қарасты аудандардан және қаладан іріктелген батагөйлер «Батамен ел көгерер!» облыстық байқауына жолдама алады.
«Батамен ел көгерер!» атты облыстық батагөйлер байқауы 2026 жылдың 26 маусымында Жамбыл облысының орталығы – Тараз қаласы Ы.Дүкенұлы атындағы қалалық мәдениет үйінде өтеді.
Мекенжайы: Тараз қаласы, С.Рахимов көшесі №55. Байқау сағат 11:00-де басталады.

Жамбыл облыстық ардагерлер кеңесі

Таңдаулы материалдар

Close