Basty bet
Мемлекеттік тіл – мемлекет егемендігің кепілі
Мемлекеттік тіл – кез келген тәуелсіз мемлекеттің басты нышандарының бірі. Ол – халықтың рухани байлығы, ұлттық болмысы мен мәдениетінің, тарихы мен салт-дәстүрінің айқын көрінісі. Мемлекеттік тілдің мәртебесі жоғары болған сайын, мемлекеттің егемендігі мен бірлігі де нығая түседі.
Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес, қазақ тілі – мемлекеттік тіл. Бұл мәртебе қазақ тілінің еліміздің қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық, ғылыми және мәдени өмірінің барлық саласында кеңінен қолданылуын қамтамасыз етуге бағытталған. Мемлекеттік тілді дамыту – тек мемлекеттік органдардың ғана емес, бүкіл қоғамның ортақ міндеті.
Тіл – ұлттың жаны. Ана тілін құрметтеген халық өзінің тарихи тамырын, ұлттық құндылықтарын және рухани мұрасын сақтай алады. Қазақ тілі ғасырлар бойы халқымыздың даналығы мен дүниетанымын, әдебиеті мен өнерін, әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрін ұрпақтан ұрпаққа жеткізіп келеді. Сондықтан мемлекеттік тілді сақтау мен дамыту – ұлттық сананы нығайтудың маңызды шарты.
Бүгінде Қазақстанда мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Білім беру ұйымдарында қазақ тілін оқыту сапасы артып, мемлекеттік қызметте іс жүргізу тілі ретінде қолдану деңгейі өсіп келеді. Бұқаралық ақпарат құралдары мен цифрлық технологиялар саласында да қазақ тілінің мүмкіндігі кеңейіп, жаңа жобалар жүзеге асырылуда. Бұл – мемлекеттік тілдің заман талабына сай дамып келе жатқанын көрсетеді.
Мемлекеттік тілді меңгеру – әрбір Қазақстан азаматының азаматтық жауапкершілігі мен патриоттық парызы. Қазақ тілін білу түрлі ұлт өкілдерінің өзара түсіністігін арттырып, қоғамдағы келісім мен тұрақтылықты нығайтуға ықпал етеді. Мемлекеттік тілді құрметтеу – Қазақстанның тәуелсіздігін, егемендігін және ұлттық бірлігін құрметтеу деген сөз.
Қорытындылай келе, мемлекеттік тіл – мемлекеттің егемендігі мен тәуелсіздігінің берік тұғыры. Қазақ тілінің мәртебесін көтеру, оны күнделікті өмірде кеңінен қолдану және келер ұрпаққа аманат ету – әрбір азаматтың қасиетті борышы. Мемлекеттік тілдің өркендеуі – Қазақстанның дамуының, ұлттық бірлігінің және жарқын болашағының кепілі.
Жуалы аудандық сотының
төрағасы міндетін атқарушы
Байжан Жамалбекұлы