Basty bet

Қарасаз – берекелі бірлік пен толайым тірліктің ұясы

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа арнаған «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауындағы төртінші бағдарында «Мемлекеттік басқару ісін қайта жаңғырту, Экономиканы түбегейлі реформалау үшін мемлекеттік басқару жүйесіне серпіліс қажет. Жұрт бос сөзден, жарқын болашақ туралы жалынды ұрандардан жалықты. Халық мемлекеттік органдардың өз уәдесін қағаз бетінде емес, іс-жүзінде орындағанын қалайды. Саяси қызметшілердің жеке жауапкершілігін арттыра отырып, мемлекеттік басқару жүйесін орталықсыздандыруға баса мән беру керек. Біз орталық мекемелерді оңтайландыру арқылы жергілікті атқарушы органдардың өкілеттігін айтарлықтай кеңейтуіміз керек. Бұл тәсіл қордаланған мәселелерді өңірлерде, ел ішінде шешуге мүмкіндік береді.» деп, билік жұмысын ширата түсуді тапсырды.
Сонымен бірге Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы «Қуатты ұлттың діңгегі – халық» деп баса айтты.

Бүгінгі таңда аудан әкімі және ауылдық округ әкімдері ел Президентінің «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын басшылыққа алып жұмыс істеп жатқаны соның айғағы. Жолдау жүктеген міндеттер сәтімен жүзеге асырылып келеді. Ең алдымен осы тұжырымдаманы ілгерілету мақсатында қараша халықпен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істей отырып, олардың өтініштерін назардан тыс қалдырмай отырған округ әкімдері де бар. Әсіресе, ауданымызға қарасты Қарасаз ауылдық округінде жүйелі жұмыстар атқарылуда деп айтуға толық негіз бар. Аталған округке жасаған кезекті іссапарымызда біраз игі істердің атқарылғанын өз көзімізбен көріп қайттық.
Ауылдық округ бойынша бес елді мекенде, атап айтар болсақ Қарасаз, Ақбастау, Жұрымбай, Көктас, Қарасу ауылдарында 783 аула, 3559 тұрғын,оның ішінде15 ұлттың өкілі бар.
Мемлекет басшысының тікелей тапсырмасымен іске асырылып жатқан еліміздің Үдемелі индустриялық даму бағдарламасы аясында еліміз шикізат ресурстарына ғана қарап қалмайтын экономика құруға бейімделуде. Осындай әлеуметтік-экономикалық дамуына серпін беретін бірқатар мемлекеттік бағдарламалар, ауылдық округтің әлеуетін арттыруға өз септігін тигізуде. Ұсынылған бағдарламаларды тиімді жүзеге асыру нәтижесінде округтің әл-ауқаты артып, халықтың тұрмысы жыл өткен сайын түзеліп келеді.
Осыған орай, аталған ауылдық округтің әкімі Жанар Нұрмұратқызымен ауылдың тыныс-тіршілігі, жағдайы туралы сұхбаттасудың сәті түскен еді.
-Ауылдық округте екі орта мектеп, №16 Жуалы колледжі, екі бөбекжай-балабақша, бір орталық мәдениет үйі және оның жанында кітапхана орналасқан. Бір дәрігерлік амбулатория және төрт фельдшерлік пункт бар. Сондай-ақ, округ бойынша екі ауыл шаруашылық өндірістік кооперативі, бір ЖШС, 238 шаруа қожалық, 157 жеке кәсіпкер бар. Халыққа сапалы қызмет көрсететін бір супер маркет, екі шағын маркет, тоғыз азық-түлік, бір құрылыс, бір автобөлшектер дүкені, бір АЗС, екі шаштараз, бір ателье, бір дәріхана, бір ветеринариялық дәріхана, бір тіс емханасы, бір тойхана, бір жиһаз цехы, екі ағаш тілу станогы бар шағын цехтар өз жұмыстарын атқаруда.
Ауыл шаруашылығы саласын мемлекеттік қолдау арқасында біршама жұмыстар атқарылды. Егін шаруашылығы саласында, округ бойынша егістік жер көлемі 12 178 гектарды құрайды, оның ішінде, 1007 гектар «Ақсанат»ЖШСеншісінде.
200 гектар сорт сараптау бөлімшесіне, ал 56 гектар №16 Жуалы колледжіне қарасты. Шаруа қожалықтарының еншісінде 10 915 гектар жер бар. Оның 1219 гектарына күздік бидай, 3 512 гектарға арпа, 3 320 гектарға мақсары, 48 гектарға картоп, 28 гектарға көкөніс, 2 655 гектарға көпжылдық шөп егілген. Округте мал азығындайындау және егін жинап, өнімін алу жұмыстарыөз деңгейінде атқарылды. Нәтижесінде индикаторлық көрсеткіштер орындалды.
Президент Жолдауында көрсетілгендей, «Пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы жерлерін өндірістік қызметке тартуды және оларды алып қою жөніндегі тиісті тетіктерді (қажеттігіне қарай) күшейтумен жұмысты жандандыру» тапсырмасына орай округімізде жайылым жерлері бар шаруа қожалық иелері нақтыланып, зерделеу барысында малы жоқтығы анықталып, бір шаруа қожалықтан сот шешімі арқылы 12,5389 гектар жайлым жер қайтарылса, екі шаруа қожалық жалпы 417 гектар жайлым жерлерді өз еркімен қайтаруға өз өтініштерін берді. Жыл соңына дейін жоспар толық орындалатын болады, – дейді Жанар Нұрмұратқызы.
Округ әкімінің сөзіне сүйенсек, ауыл шаруашылық техникаларын жаңарту бойынша 2020 жылы Қарасаз ауылдық округі Ақбастау ауылында орналасқан №16 Жуалы колледжі74 788 000 теңгеге W430 комбайнын сатып алса, «Мақпал» шаруа қожалығы 12 290 000 теңгеге Беларус-952,2 тракторын сатып алып, округтың инвестициялық көлемін арттыруға, округ техникасын жаңартуға өз үлестерін қосқан. Ал, мал шаруашылығы саласы бойынша: округтеіріқара мал саны өткен жылмен салыстырғанда едәуір артқан.
Ветеринария саласындағы мамандар тарапынан эпизоотиялық іс-шаралар жоспарға сәйкес атқарылуда.
Сонымен қатар, ағымдағы жылы округ бойынша 23 бас ірі қара мал қолдан ұрықтандырылды.
Үстіміздегі жылы шаруа қожалықтарымен кәсіпкерлікті дамыту бойынша бағдарламалар аясындағы іс-шаралардың ұйымдастырылуы негізінде ірілендіру, селекция, субсидия алу бойынша шаруа қожалықтарға, тұрғындарға тұрақты мәлімет, ақпарат беріліп, насихатталған. Нәтижесінде екі шаруа қожалық шағын несие алып, мал басын көбейтіп, шаруаларын кеңейткен.
Жанар Нұрмұратқызының айтуынша, ауылдық округте «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі Ұлттық жобаның» 2022 жылдың орындалу нәтижелері бойынша, Ұлттық жобаның белсенді жұмыспен қамту шараларына жалпы 237 азамат қатыстыру жоспарланып, жалпы 215 адам Бағдарламаға қатысушы ретінде тартылған. Оның ішінде барлығы – 211 азамат жұмыспен қамтылып, тұрақты жұмыс орындарына – 155 адам, 56 адам уақытша жұмыспен қамтылған.Жаңа бизнес-идеяларды, бастапқы бизнесті іске асыруға бағытталған кәсіпкерлік бастама бойынша 15 қатысушы оқуын аяқтап, грант алуға құжаттарын дайындау үстінде.
Бағдарламаның 3-бағыты (Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту) шеңберінде уақытша жұмыстарғажалпы56адам жолдама алған. Оның ішінде ақылы қоғамдық жұмыстарға 40 адам, «Жастар тәжірибесі» бағдарламасы аясында тоғыз жас маман, әлеуметтік жұмыс орындарына 16жұмыссыз азаматжұмысқа жолданған.
Әлеуметтік жәрдем бағытындағы іс-шаралар ҚР «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек» туралы Заңына және «Кедейшілік пен жұмыссыздыққа қарсы күрестің кешенді бағдарламасының» аясында атаулы мемлекеттік әлуметтік көмек алатын отбасыларға арналған мемлекеттік жәрдемақы бойынша 21 отбасы құжаттарын өткізіп, бір отбасына табысы асуына байланысты көмек тағайындаудан бас тартылып, 20 отбасына әлеуметтік көмек тағайындалған.
-Облыс әкімінің тапсырмасымен «Асарлатып үй салу» жобасы арқылы аз қамтылған, жас отбасына демеушілердің және ауыл тұрғындарының демеушілігімен жаңа үйдің құрылысы жүргізілді. Алдағы уақытта пайдалануға беруді жоспарлап отырмыз. Одан бөлек, еріктілерді тарту арқылы зейнет жасындағы және жұмысқа жарамсыз отбасыларына барып, тазалау жұмыстары және тағы басқа тұрмыстық қажеттіліктерге байланысты көмек көрсетілді.
Жастар саясаты бойынша мәдениет және спорт саласына ауылымызда дұрыс көңіл бөлінген, мәдениет үйінде жыл бойы мәдени іс-шара өтіп, әртүрлі үйірмелер жұмыс атқаруда.
Спорттықіс-шаралартұрақты түрде өткізіліп тұрады. Бұл шараларға негізінен ауылдағы шаруа қожалық жетекшілері және жеке кәсіпкерлер демеушілігін көрсетіп отырады. Сондай-ақ, округ бойынша бір кітапханада 20 865 кітап қоры бар. Сонымен қатар әлеуметтік, қоғамдық бағыттағыкөрнекі ақпараттық жабдықтау мәселесі тұрақты түрде жүргізілуде. Округтегі шиттерді жаңарту жұмыстары жүргізілді.
Округті тазалау жұмыстары ұдайы ұйымдастырылып отырады.
Қоғамдық қауіпсіздікті, қылмыс және құқық бұзушылыққа қарсы күресті қамтамасыз ету, ауыл тұрғындары арасында бұзақылықтың,тәртіп бұзушылықтың алдын алу мақсатында ауылдық жерлердеқоғамдастық мүшелерінің жұмысының игі әсер етуі, жастар арасында тәртіп бұзушылықтың ақыры келеңсіз жағдайларға апарып соқтыратындығы туралыүгіт–насихатжүргізу болып табылады. Бұл бағыттағы жұмыстың өз деңгейінде атқарылудың бірден-бір себепкері, ауыл сақшысы-учаскелік полиция инспекторымен ауыл әкімі аппаратының мамандары өзара бірлесіп барлық шараларды жүзеге асыруда. Жыл басынан округтеекі қылмыс тіркеліп, біреуі ашылды.130 әкімшілік хаттама толтырылды. Әкімшілік аумақта ауыр қылмыс және аса ауыр қылмыстар, кәмелетке толмағандармен жасалған қылмыстар, қоғамдық тәртіпті бұзу деректері орын алған жоқ.
Округ аумағындағы төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында ауылдық округ әкімі аппараты жанынан су тасқынына және өртке қарсы штаб құрылып, 20 адамнан құралған еріктілер тобы жасақталған. 10 ерікті өрт сөндірушіге арнайы аудан әкімдігінен киім бөлінген. Төтенше жағдайлардың алдын алу барысында ерікті топ мүшелеріне жеке қауіпсіздік шаралары таныстырылып, қадағаланады.
Әскери есеп бойынша ҚР «Жалпыға бірдей әскери міндет туралы Заңының 13 бабына сәйкес» есепке алу үшін 2005-2006 жылғы туылған балалар ақпан айында алғашқы дәрігерлік байқаудан толығымен өткізілді. Округтің әскери есебінде сегіз офицер, 295 әскери міндеттілер тұр. Көктемгі және күзгі әскер қатарына шақырылатындармен дайындық жұмыстары жүргізіліп, көктемгікезеңде жеті азамат әскер қатарына алынды, – дейді округ әкімі.
1 қазан – Халықаралық қарттар күніне орай округке Жұрымбай ауылында Медетовтер әулеті немерелерінің қолдауымен екі аялдама және Қарасу ауылына Матеевтер отбасының демеушілігімен екі аялдама салынып, қолдануға берілді. Иә, шағын ғана ауылдың проблемалық мәселелерінің бірісаналатын – тасымалданатын оқушылар үшін автобусты панада күту болатын, аталған мәселе бүгінгі күні өз шешімін тапқан екен. Мұның өзі ауыл тұрғындары үшін үлкен қуаныш. Ал, сырт көз ауыл тұрғындарының ұйымшылдығын осындай істерінен-ақ аңғаруға болады.
Хош. Дана халқымыз «Ауыл түбі – бірлік, қауым түбі – тірлік» деп бекер айтпаса керек.
Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы «Адамға ең қымбат нәрсе – жұрт қамы, жұрт ісі» деген екен. Сол ауыл халқының тұрмыс сапасын жақсартуды және жастардың болашаққа нық сеніммен қарауын алға мақсат етіп отырған округ әкімі Жанар Нұрмұратқызының еңбегі жана берсін дегіміз келеді.

Жазып алған
Мақпал САМАТҚЫЗЫ,
«Жаңа өмір»

Таңдаулы материалдар

Close