Basty bet
🌿 Бірлік пен экологиялық мәдениет тоғысқан республикалық сенбілік
🔰 Ағымдағы жылдың 29 шілде күні Жамбыл облысы әкімдігінің ақпарат және қоғамдық даму басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында республикалық жастар сенбілігі өтті.
🔰 Іс-шараға облыстық, қалалық және аудандық Жастар ресурстық орталықтарының басшылары мен қызметкерлері «Жасыл ел» еңбек жасақтарының волонтерлері, сондай-ақ Абай, Түркістан, Қызылорда облыстары мен Шымкент қаласынан келген жастар ресурстық орталықтарының өкілдері қатысты.
🌿 Сенбілік барысында «Қарахан» кесенесінің маңында орналасқан «Жерасты мешіті» тарихи нысаны аумағында тазалық жұмыстары жүргізіліп, тарихи-мәдени мұраның айналасы абаттандырылды.
🌿 Бұл бастама табиғатты аялаумен қатар, ұлттық мұрамызды құрметтеуге, жастар арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға және қоғамдық белсенділікті арттыруға бағытталған.
29
2
2

JENY SG · Tugamas bahorim lica