Basty bet
Электрондық шот-фактуралар бойынша өзгерістер туралы
Қазақстан Республикасының Салық кодексі шеңберінде 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап электрондық шот-фактуралар бөлігінде мынадай негізгі өзгерістер күшіне енеді:
1. Түзетілген, қосымша және кері қайтарып алынған ЭШФ алушының міндетті растауы:
Түзетілген, қосымша және кері қайтарып алынған ЭШФ ЭШФ АЖ-де алушы – ҚҚС төлеуші міндетті растауға жатады, бұл ретте түзетілген және қосымша ЭШФ осындай ЭШФ алушысынан растау болған кезде жазып берілген, ал кері қайтарып алынған – кері қайтарып алынған болып есептеледі.
ҚҚС төлеуші болып табылмайтын алушылар үшін реакция болмаған кезде белгіленген мерзім өткеннен кейін автоматты растау көзделген.
1. ЭШФ жазуға міндетті субъектілер шеңберін кеңейту, оның ішінде:
– ҚҚС төлеушілер:
Қазақстан Республикасы Салық кодексінің нормаларын іске асыру шеңберінде бейрезиденттен жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде, егер өткізу орны Қазақстан Республикасының аумағы деп танылса, салық төлеуші бейрезидент үшін ЭШФ жазып беруге міндетті;
– ҚҚС төлемеушілер:
оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеуші;
Қазақстан Республикасының әлеуметтік қорғау туралы заңнамасына сәйкес медициналық көрсетілетін қызметтер бойынша, дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды, медициналық бұйымдардың жиынтықтауыштарын, сондай-ақ техникалық қосалқы (компенсаторлық) құралдарды өткізу бойынша – салық төлеуші;
адвокаттық кеңсе жасаған шарттар бойынша адвокаттық осындай кеңсені дербес немесе басқа адвокаттармен бірлесіп құрған адвокат көрсеткен заң көмегі жөніндегі адвокаттық кеңсе.
Бұл ретте, Қазақстан Республикасының Салық кодексі шеңберінде құны айлық есептік көрсеткіштің 1000 еселенген мөлшерінен асатын азаматтық-құқықтық мәміле бойынша ЭШФ жазып беру міндеттемесі бойынша норма алынып тасталғанын атап өтеміз.
Жуалы ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы