Basty bet
Сот жүйесінде жасанды интелектінің қолданылуы қарқынды серпіліс әкеледі
Елімізде сот жүйесінде бірқатар реформа жасалуда. Бірақ басты өзгеріс алдымызда. “Сот реформасы – бұл құқықтық мемлекеттің маңызды критерийі, инвестициялық тартымдылықтың негізі, жекеменшік құқығын қорғауды қамтамасыз ету.
Сот жүйесін реформалаудың жаңа тәсілдері судьялардың тәуелсіздігін одан әрі нығайтуды, қоғамның соттарға деген сенімін арттыруды, сот төрелігін іске асыруға жаңа кәсіби кадрларды тартуды ынталандыруды, сот процесінің ыңғайлылығы мен тиімділігін көтеруді қамтамасыз етуі тиіс.
Ендігі келе жатқан өзгеріс ол «Жасанды интелект» дәуірінің сот жүйесіне енгізілуін қамтамасыз ету болып отыр.
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым Жомарт Тоқаевтың 2025 жылдың 8 қыркүйегіндегі «Жасанды интелект дәуіріндегі интелект» өзекті мәселелер және оларды оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» деп атап өткен еді.
Əлем технологиялық революция дəуіріне қадам басып, жасанды интеллект, цифрлық технологиялар жəне жаһандық бəсекелестік жаңа шындықты қалыптастыруда.
Сонымен қатар, мемлекеттер арасындағы қайшылықтар күшейіп, тез əрі нақты шешімдерді қажет ететін қауіп-қатерлер пайда болуда. Еліміз тұрақты дамуды, қауіпсіздікті жəне егемендікті қамтамасыз ететін көп векторлық байланыстарды белсенді түрде құруға ұмтылуда.
Сот жүйесіне жасанды интеллект енгізіліп жатыр. Жаңа бағдарламаны судьялар даулы сот процестерінде қолдана алады. Яғни, өзі қарастырып жатқан материалға ұқсасын тауып, заң үстемдігі жағынан үздік деп танылған елдердің тәжірибесін қарайды.
Заман сұранысына сай сандық технологияларды салаға енгізу о баста істерді судьяларға автоматты түрде бөлуден басталған болатын. Бұл жоба өзінің тиімділігін көрсеткен соң, барлық деңгейдегі қазақстандық соттарда істерді бөлудің автоматтандырылған жүйесі енгізілді, ол судьялардың жұмыс жүктемесін жеңілдетуге мүмкіндік берді.
Мәселен, Азаматтық істер бойынша судьяның цифрлық көмекшісі – судьяның жұмысын жеңілдетуге арналған, жасанды интеллект элементтерін пайдаланатын бағдарламалық жүйе. Ол сот төрелігін жүзеге асырмайды және судьяның орнына шешім қабылдамайды, тек күнделікті рәсімдік жұмыстарды орындауға көмектеседі.
Негізгі функциялары:
талап қою арызы мен оған қоса берілген құжаттарды талдау;
азаматтық іс жүргізу заңнамасының талаптарының сақталуын тексеру;
ұқсас даулар бойынша сот тәжірибесін іздеу және талдау;
қолданылатын заңнама нормаларын іріктеу;
жетіспейтін құжаттар мен процестік кемшіліктерді анықтау;
процестік құжаттардың (ұйғарымдар, сұрау салулар, хабарламалар және т.б.) жобаларын автоматты түрде дайындау;
іс бойынша тараптардың ұстанымдары, дәлелдемелері және даулы мәселелері көрсетілген қысқаша анықтама қалыптастыру;
процестік мерзімдерді бақылау және судьяға еске салу;
статистикалық және талдамалық материалдарды әзірлеу.
Цифрлық көмекші дәлелдемелерді түпкілікті бағаламайды және іс бойынша шешім қабылдамайды. Бұл өкілеттіктер тек судьяға ғана тиесілі.
Цифрлық көмекшінің жұмысы төмендегідей:
Мысалы, судья талап арызды интелектуалдық зерделеу бөлігіне салған кезде, ЖИ аталған талап арыздың бағыты (мысалы жер дауы) бойынша талдау жасап береді, яғни республика бойынша қанша жер дауы қанағаттандырылды, ішінара қанағаттандырылды, қаншасы қанағаттандырусыз қалдырылды, пайызы, тараптардың қаншасы заңды немесе жеке тұлға екенін анықтап береді.
Оған қоса жер дауының көбісі қандай себепке сай қанағаттандырылды және қанағаттандырусыз қалдырылды, бұл өз кезегінде судьяның осы талдаудың қорытындысына сәйкес өзі қарап жатқан іс бойынша дұрыс шешім шығаруға зор көмегін тигізеді, атап айтқанда ЖИ судьяның қарап жатқан ісінің қанағаттандырылуға жататыны туралы пайыздық көрсеткішін көрсетеді, яғни заң талаптарына сай ықтималды дұрыс шешім екенін анықтап береді. Бұл өз кезегінде судьяның жұмысын жеңілдетеді және әділ шешім шығаруға көмегін тигізеді.
Бұл тек жер дауы ғана емес, отбасы дауы, мүліктік даулар, қарыз даулары т.б. азаматтық істер бойынша санатындағы дауларды қамтиды.
Қазіргі таңда цифрлық технологиялар қоғам өмірінің барлық саласына қарқынды еніп келеді. Бұл үдеріс сот жүйесін де айналып өткен жоқ. Заманауи ақпараттық шешімдердің бірі – жасанды интеллект. Ол сот төрелігін жүзеге асыруда судьяның орнын алмастырмайды, керісінше оның күнделікті қызметін жеңілдетіп, жұмыс тиімділігін арттыруға ықпал етеді.
Азаматтық істерді қарау барысында судья әрбір істің мән-жайын мұқият зерттеп, заң талаптарын саралап, ұсынылған дәлелдемелерге құқықтық баға береді. Мұндай жауапты міндеттерді орындау кезінде көп уақыт құжаттарды зерделеуге, заңнаманы іздеуге және сот тәжірибесін талдауға жұмсалады. Жасанды интеллект осы жұмыстарды автоматтандыру арқылы судьяға елеулі көмек көрсетеді.
Мәселен, жасанды интеллект бірнеше секунд ішінде мыңдаған беттен тұратын құжаттарды талдап, қажетті заң нормаларын, бұрын қабылданған сот актілерін және ұқсас істерді іріктеп ұсына алады. Сондай-ақ ол сот актілерінің жобаларын дайындауға, процестік мерзімдерді бақылауға, құжаттардағы техникалық қателерді анықтауға және сот отырыстарының хаттамаларын рәсімдеуге жәрдемдеседі.
Мұндай технологиялардың енгізілуі соттардың жұмыс сапасын арттырып қана қоймай, уақытты тиімді пайдалануға мүмкіндік береді. Нәтижесінде судья техникалық жұмыстарға аз уақыт бөліп, негізгі назарын істің мән-жайын жан-жақты зерттеуге, дәлелдемелерді бағалауға және заң талаптарына сәйкес әділ шешім қабылдауға аударады.
Сонымен бірге жасанды интеллекттің мүмкіндіктері қаншалықты кең болғанымен, ол ешқашан судьяның құқықтық жауапкершілігін өз мойнына алмайды. Әрбір сот шешімі адамның құқықтары мен заңды мүдделеріне әсер ететіндіктен, соңғы шешімді тек тәуелсіз судья қабылдайды. Сондықтан жасанды интеллект – шешім қабылдайтын емес, оны қабылдауға қажетті ақпаратты жүйелейтін және талдайтын көмекші құрал.
Цифрлық дәуірде сот жүйесінің дамуы инновациялық технологияларды тиімді пайдаланумен тығыз байланысты. Жасанды интеллектті орынды қолдану сот төрелігінің ашықтығын, жеделдігін және сапасын арттыруға, азаматтардың сотқа деген сенімін нығайтуға қызмет етеді. Бұл – заман талабына сай әділ әрі тиімді сот жүйесін қалыптастырудың маңызды бағыттарының бірі.
Жасанды интеллект технологиялары сот қызметінің ұйымдастырушылық және ақпараттық-техникалық процестерін жетілдіруге мүмкіндік береді. Атап айтқанда, ол құқықтық ақпараттың үлкен көлемін қысқа мерзімде өңдеуге, нормативтік құқықтық актілерді, сот практикасын және құқық қолдану тәжірибесін кешенді талдауға, сот құжаттарының жобаларын әзірлеуге, процестік мерзімдерді бақылауға және сот ісін жүргізу барысындағы қайталанатын операцияларды автоматтандыруға жағдай жасайды. Мұндай мүмкіндіктер соттардың әкімшілік жүктемесін төмендетіп, судьялардың кәсіби қызметінің тиімділігін арттыруға ықпал етеді.
Сонымен бірге, жасанды интеллектті сот жүйесіне енгізу судьяның конституциялық мәртебесі мен тәуелсіздігі қағидаттарын сақтай отырып жүзеге асырылуы тиіс. Жасанды интеллект құқықтық талдау жүргізуге және шешім қабылдау процесін ақпараттық тұрғыдан қолдауға қабілетті болғанымен, дәлелдемелерді бағалау, құқық нормаларын нақты іске қолдану және сот актісін қабылдау өкілеттігі тек судьяға тиесілі. Сондықтан жасанды интеллект сот төрелігін жүзеге асыратын субъект емес, сот қызметінің тиімділігін арттыруға бағытталған инновациялық цифрлық құрал ретінде қарастырылуы қажет.
Осылайша, сот жүйесінде жасанды интеллектті енгізудің өзектілігі сот төрелігінің сапасын арттыру, сот рәсімдерін оңтайландыру, цифрлық трансформацияны қамтамасыз ету және азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғаудың тиімді тетіктерін қалыптастыру қажеттілігімен айқындалады. Бұл бағыттағы ғылыми зерттеулер мен тәжірибелік әзірлемелер құқықтық мемлекеттің заманауи талаптарына сай сот жүйесін дамытуда маңызды рөл атқарады.
Ең бастысы, бұл жүйедегі адам факторын жойып, сот саласына халықтың сенімділігін арттыра түсті.
Сондықтан саладағы сандық жүйенің артықшылығы сезілген соң алдағы уақытта жасанды интеллектінің көбірек енгізу қарастырылып отыр. Бұл өз кезегінде саланың жаңа бір деңгейге өсуіне ықпал етері сөзсіз.
Дулат Досыбайлы,
Жуалы ауданы
Сот әкімшісінің бас маманы