Basty bet

Жуалы ауданында Жетітөбе ауылдық округінің әкімін сайлау бойынша сайлау округін құру туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 6) тармақшасына, 21-бабының 4-тармағына, 22-бабына сәйкес Жуалы аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Жуалы ауданының Жетітөбе ауылдық округі әкімін сайлау бойынша Жетітөбе ауылдық округінің шекарасында сайлау округі құрылсын.
2. Сайлау округі және оның шекарасы мен аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жері көрсетілген мәліметтер Жуалы аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын.
Төраға Н.Алтыбаева,
Хатшы Ш.Боранбаев

Б.Момышұлы ауылы,
05 тамыз 2026 жыл
№6

Таңдаулы материалдар

Close