Basty bet
Хабарлама
Жуалы ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларының 10 тармағына сәйкес: мұқтаж азаматтардың келесі жекелеген санаттарына (мұқтаждар санатына жатқызу негіздерінің болу фактісін растайтын құжаттарды ұсына отырып) бір рет және (немесе) мерзімді түрде (ай сайын, жылына бір рет) көрсетіледі:
1) дүлей зілзала немесе өрттің салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келтірілген жағдайда, отбасының жан басына шаққандағы орташа табысы республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленетін ең төмен күнкөріс деңгейінің жиырма еселенген мөлшерінен аспаған жағдайда, бір рет 300 (үш жүз) айлық есептік көрсеткіш шегіне дейін, өмірлік қиын жағдай туындаған кезде өтінішті беру мерзімі өмірлік қиын жағдай туындаған сәттен бастап алты айдан кешіктірілмей жасалады;
Дүлей зілзала немесе өрт салдарынан мүлікке зиян келгенде әлеуметтік көмек меншік иесінің тіркелген жеріне қарамастан зиян тиген мүлік орналасқан жер бойынша көрсетіледі.
2) әлеуметтік маңызы бар аурулардың тізбесіне кіргізілген келесі санаттағы азаматтарға (отбасыларға):
туберкулез ауруымен диспансерлiк есепте тұрған, амбулаториялық емделудегі адамдарға, отбасының жан басына шаққандағы орташа табысы республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленетін ең төмен күнкөріс деңгейінің үш еселенген мөлшерінен аспаған жағдайда, ай сайын 20 (жиырма) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
адамның иммун тапшылығы вирусы (АИТВ) тудыратын ауру негізінде диспансерлік есепте тұрған балалардың ата-аналарына немесе өзге де заңды өкілдеріне, отбасының жан басына шаққандағы орташа табысы республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленетін ең төмен күнкөріс деңгейінің үш еселенген мөлшерінен аспаған жағдайда, ай сайын 20 (жиырма) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
қатерлі ісік және орфандық ауруларға шалдыққан азаматтарға, отбасының жан басына шаққандағы орташа табысы республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленетін ең төмен күнкөріс деңгейінің екі еселенген мөлшерінен аспаған жағдайда, жылына бір рет 20 (жиырма) айлық есептік көрсеткіштер мөлшерінде;
созылмалы вирусты гепатиттер және бауыр циррозы, психикалық және мінез-құлықтық бұзылушылықтары (аурулары), жіті миокард инфаркті (алғашқы 6 айда), нерв жүйесінің дегенеративті аурулары, орталық нерв жүйесінің демиелиндену аурулары, эпилепсия және ми тамырларының аурулары (инсульттер) (бір жыл ішінде) бар азаматарға, отбасының жан басына шаққандағы орташа табысы республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленетін ең төмен күнкөріс деңгейінің бір жарым еселенген мөлшерінен аспаған жағдайда, жылына бір рет 20 (жиырма) айлық есептік көрсеткіштер мөлшерінде;
3) санаторий-курорттық емделуге әлеуметтік көмек:
Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілгендерге, басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне және еңбек ардагерлеріне отбасының жиынтық табысын есепке алмай, абилитациялаудың және оңалтудың жеке бағдарламасы болмаған жағдайда Қазақстан Республикасының аумағындаға санаторий-курорттық емделуге жұмсалған шығындарын өтеу үшін, жылына бір рет 45 (қырық бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
абилитациялаудың және оңалтудың жеке бағдарламасы болмаған жасына қарай зейнет демалысына шыққан зейнеткерлерге, отбасының жан басына шаққандағы орташа табысы республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленетін ең төмен күнкөріс деңгейінің үш еселенген мөлшерінен аспаған жағдайда, Қазақстан Республикасының аумағындағы санаторий-курорттық емделуге жұмсалған шығындарын өтеу үшін, жылына бір рет 45 (қырық бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
Санаторий курорттық емделуден өткен азаматтардың жол жүру шығыстарын төлеу жеке қаражаты есебiнен жүзеге асырылады. Әлеуметтік көмекке жүгіну мерзімі, жағдай туындаған күннен бастап үш айдан кешіктірілмей жасалады.
4) бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған азаматтарға, сондай-ақ пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтарға ақшалай төлем түріндегі әлеуметтік көмек, отбасының жан басына шаққандағы орташа табысы республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленетін ең төмен күнкөріс деңгейінің екі еселенген мөлшерінен аспаған жағдайда, бір рет 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде көрсетіледі.
Қиын өмірлік жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмекке жүгіну мерзімі осы жағдай туындаған күннен бастап үш айдан кешіктірілмей жүзеге асырылады.
Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына берілетін әлеуметтік көмекті алу үшін өтініш беруші өзінің немесе отбасының атынан (немесе өкілі, Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 167-бабына сәйкес берілген сенімхат бойынша) жергілікті әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті органға немесе ауыл, ауылдық округ әкіміне өтінішпен жүгінеді.
Аудан әкімдігінің жұмыспен қамту
және әлеуметтік
бағдарламалар бөлімі