Basty bet

Оқушыға ата-ана да жауапты

Жақында №19 Д.Қонаев атындағы мектеп-гимназия ұжымының, аудандық «Жастар ресурстық орталығы» мекемесі және полиция бөлімі қызметкерлерінің бірлесіп ұйымдастыруымен «Жылды қылмыссыз қарса алайық!» атты жастар акциясы өтті.
Шараның мақсаты – жастар арасында қылмыстың алдын алу, олардың бос уақытын тиімді пайдалану, жасөспірімдер арасында орын алатын қылмыс санын болдырмауға жастарды шақыру, адалдыққа, парасаттылыққа тәрбиелеу.
Акцияға Б.Момышұлы ауылы әкімі аппаратының бас маманы Темірхан Қалиев, «Жастар ресурстық орталығы» мекемесінің заңгер маманы Оңдасын Жұмағали, мектеп директоры Гүлнар Мұсаханова, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ғалымжан Аташбек, Б.Момышұлы ауылы жастар ісі нұсқаушысы Элмира Сүйінбаева және жоғары сынып оқушылары қатысты.
Шараға қатысушы тиісті бөлім мамандары жастар арасында орын алатын ұрлық, мектепішілік талаптарды уақтылы орындамау, рұқсатсыз сабақтан қалу, кешігу, бұзақылық, жанжал секілді түрлі келеңсіз оқиғалардың алдын алу жөнінде түсіндірме жұмыстырын жүргізді.
Алғаш сөз алған Б.Момышұлы ауылы әкімі аппаратының бас маманы Т.Қалиев жастардың қылмыс жасаған жағдайда жүргізілетін жұмыстардың жайына тоқталды. Сонымен қатар, жастардың арасында бұзақылық, ұрлық, құқықбұзушылық секілді қылмыс түрлері жиі тіркелетінін айтты. «Ата-бабамыз «Тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы» деп тегін айтпаса керек. Жастар өз болашақтарын таза парақтан бастап, үнемі дұрыс өмірді таңдап, қылмыс, нашақорлық, маскүнемдік, сыбайлас жемқорлық секілді болашаққа балта шабатын жат қылықтардан азат болу керек» деген Т.Қалиев жастарды зиянды әдеттерден аулақ болуға шақырды.
Ал, «Жастар ресурстық орталығы» мекемесінің заңгер маманы О.Жұмағали «Статистикалық көрсеткіште-рге сенсек, қылмыс деңгейі күн санап артып отыр. Соған байланысты жастар арасында қылмыстың алдын алуға бағытталған «дөңгелек үстел» отырысы, кездесу, акция, түнгі рейд, түсіндіру жұмыстары ұдайы жүргізіліп отырады. Кешкі 21.00-ден кейін мектеп оқушыларына жалғыз немесе достарымен көңіл көтеретін орындарда жүруіне тыйым салынады» деді.
Шарада №19 Д.Қонаев атындағы мектеп-гимназия директоры Г.Мұсаханова жастар арасындағы қылмыстың алдын алу, олардың шығу жолдарымен күресу үшін қоғам тікелей жауапты екенін баса айтты. Сондай-ақ, кешкі уақытта мейрамханаларда жұмыс істеп жүрген оқушыларға тыйым салынатындығын, ата-анасына хаттама толтырылатындығын түсіндіріп өтті.
Жасөспірімдер арасында түрлі қылмыстың алдын алу үшін ата-аналардың да қатаң қадағалауы, өз балаларын бақылауы қажет.

Аудандық Жастар ресурстық орталығы

Таңдаулы материалдар

Close