Basty bet
Жуалы АПБ Ювеналдық полиция қызметкерлері «Заң мен тәртіп – қауіпсіз балалық шақтың кепілі» қағидаты аясында ауданның бірқатар елді мекендеріндегі мектеп оқушыларымен және ұстаздарымен кездесу өткізді.

Атап айтқанда, Түктібай ауылындағы №12 М.Әуезов атындағы ОМ, Теріс ауылындағы №16 С.Сейфуллин атындағы ОМ және Нұрлыкент ауылындағы №5 М.Ломоносов атындағы ОМ профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Кездесу еркін форматта өтті, ашық пікір алмасу ұйымдастырылды. Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, буллинг пен кибербуллингке жол бермеу, интернет қауіпсіздігі және жол қозғалысы ережелерін сақтау мәселелері кеңінен қаралды.