El іshі

«Жұрттың балалары» жеңімпаз атанды

Жуырда аудандық «Достық» мәдениет үйінде «Жастар ресурстық орталығы» мекемесінің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» Заңын жүзеге асыру аясында «Адал ұрпақ» тақырыбында мектеп оқушылары арасында «Жайдарлы Жуалы» лигасының финалдық ойыны өтті.

Сайыстың мақсаты – жастардың бос уақытын тиімді пайдалану, өзіндік ой пікірлерін дұрыс, еркін жеткізуге, шешендік қабілеттерін жетілдіруге тәрбиелеу. «Жайдарлы Жуалы» лигасының деңгейін, танымалдылығын жастар арасында насихаттау.
Шараға ауданның жоғары сынып оқушылары қатысып, өз өнерлерін көрсетті.
Жайдарманды «Жастар ресурстық орталығы» мекемесі директорының орынбасары Алмас Жолдасов ашып, сайысқа қатысушы құрамаларға сәттілік тіледі.
Аталған финалдық ойынды аудандық мәслихат депутаты, №22 Б.Момышұлы атындағы ОМ директоры Руслан Сайлаубаев, Шақпақ ауылдық округінің әкімі, жылдың үздік жас мемлекеттік қызметшісі Мұстафа Бектұрғанов, жайдарманшы Оңдасын Жұмағали, «Жастар ресурстық орталығы» мекемесі директорының орынбасары Алмас Жолдасов, «Nur Otan» партиясы аудандық филиалы жанындағы «Жас Отан» Жастар қанатының бөлімше басшысы Нұрдәулет Шырынбек бағалады.
«Жайдарлы Жуалы» лигасының финалына 5 құрама қатысты. Нәтижесінде жүлделі ІІІ орынды Амангелді атындағы ОМ «Ешкере» құрамасы иеленсе, ІІ орын Пушкин атындағы ОМ «Қарасаз» құрамасына бұйырды. Сайыстың бас жүлдесін №19 Қонаев атындағы МГ «Жұрттың балалары» құрамасы жеңіп алды. Осы ойында өзінің үздік ойынымен көзге түскен №29 ОМ құрамасының ойыншысы Әділет Әбілдабек «Үздік ойыншы» номинциясымен марапатталды.

Таңдаулы материалдар

Close