Qoǵam

Тамырлы тарихымыздың бедерлі кезеңі

Алтын Орда хандығының дәуірлеу және ыдырау кезеңдері

Биыл айбынды Алтын Орда хандығының құрылғанына 750 жыл толып отыр. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев осынау мерейлі оқиғаны лайықты атап өтуді және ұлыстың негізін қалаған Жошы ханның есімін ұлықтауды ұсынды.

Тамырлы тарихымыздың бедерлі кезеңін қамтитын Ұлық ұлыс Қазақ хандығының бастауы саналады. Оның бай тарихы қазақ даласымен және халқымыздың негізін құраған ру-тайпалармен тығыз байланысты.
Уикипедияда Алтын Орда мемлекетіне «Алтын Орда – 1240 жылдары Русь княздықтары жаулап алынғаннан кейін Моңғол империясының батыс бөлігінде орнаған басында моңғол, кейінірек түркіленген хандық. Ол қазіргі Ресей, Украина, Молдова, Қазақстан және Кавказдың жерінде орналасқан. Шарықтау дәуірінде Алтын Орда Шығыс Еуропаның Орал тауларынан Днепр өзенінің оң жақ жағалауына дейінгі жерлерді алып, Сібірге терең бойлап еніп жатты. Оңтүстігінде Орданың жері Қара теңізбен, Кавказ тауларымен және моңғол Хулагу мемлекетінің қол астындағы Персиямен шектесіп жатты» деген анықтама берілген.
Моңғолия тарихы Алтын деген атау төрт шартараптың түсінен келген деген жорамал бар, яғни солтүстіктің түсі – қара, шығыстың түсі – көк, оңтүстіктің түсі – қызыл, батыстың түсі – ақ, ал сары (немесе алтын) түс – орталықтың түсі.
Тағы бір болжам бойынша, Алтын Орда атауы орыс тіліндегі Золотая Орда, яғни Бату ханның Еділ өзенінің жағасында өзінің болашақ астанасының орнын белгілеу үшін алтын түсті үйлерден тіккізген салтанатты қаласының атынан шыққан. Моңғол тілінде «Алтын Орда» деген сөз тіркесі Алтын түсті орданы, немесе патша сарайын білдіреді. Моңғолдың билеуші руы да өздерін «алтын әулет» деп атаған, «Алтын Орда» атауы да осыдан келіп шыққан болуы мүмкін.
Бұл мемлекетті Алтын Орда деп атайтын бізге келіп жеткен ең алғашқы құжаттар ХVII ғасырға жатады (Алтын Орда күйрегеннен көп кейін). Одан ертерек құжаттарда ол мемлекет Жошы ұлысы деп аталды.
Кейбір ғалымдар оның басқа атауын, Қыпшақ хандығы деген атауды қолданғанды дұрыс көреді, себебі ортағасырлық құжаттарда қыпшақ сөзі осы мемлекетке қатысты жиі аталған.
Қайтыс боларының алдында Шыңғыс хан өз иелігіндегі жерлерді төрт ұлына бөліп берді. Жошының үлкен ұлдары Батумен Орда-Еженнің еншісіне моңғол иеліктерінің қиыр батысында жатқан оңтүстік Ресей мен Қазақстанның жерлері тиді. Бату Алтын Орданы, Орда-Ежен Ақ Орданы билей бастады.
Алтын Орданың екі жарым ғасырдан астам тарихы оны басқарған хандардың есімдерімен тікелей байланысты. Жошы ханнан кейін ұлысты екі жарым ғасыр бедерінде әр жылдары ұзын-ырғасы 50-ден астам билеуші басқарған. Бұл мемлекеттің шарықтау және әлсіреу кезеңдері еді.
1235 жылы Бату (тұңғыштық жолымен) қолбасшы Сүбедей баһадүрдің көмегімен батысқа қарай жаңа жорық бастап, алдымен башқұрттарды, сосын 1236 жылы Еділ Бұлғариясын жаулап алады. 1237 жылы ол Украинаның оңтүстік даласын жаулап, ондағы құмандарды батысқа қарай ығыстырды. Содан ол солтүстікке қарай бұрылып, Руське басып кірді де үш жыл бойы орыс княздықтарын жаулаумен болды, сол кезде Күйік пен Қадан оңтүстікке қарай жылжыды.
Құмандардың батысқа қашып, Мажарстан королінің жерін паналап отырғанын желеу етіп, Бату Шайбан, Орда-Ежен, Байдар және Мөңке сияқты Шыңғыс әулеті мен өз бауырларымен бірге батысқа жорық жасады. Легница және Мухи маңында неміс-поляк рыцарьларынан жиналған әскермен шайқасып, оларды талқандады. Бірақ сол 1241 жылы Үгедей хан қайтыс болып, Бату енді ғана қоршап-қамай бастаған Венаны тастап, елге қайтып кетті. Моңғол әскерінің ең батыстағы жаулап алуы осы болды.
1242 жылы Мажарстан арқылы қайтып (Жолшыбай Пешт қаласын жаулап), Болгарияны бағындырды. Бату астанасын ежелгі Хазар қағанатының астанасының орнында орналасқан, Еділдің төменгі ағысындағы Сарай-Жүк қаласында орнатты. Содан сәл бұрын Бату мен Орданың бауыры Шайбан Орал тауларының шығысында Обь пен Ертістің бойында өз еншісіне ұлыс алып, сонда кетіп қалған болатын.
Ордаға жойқын соққыны Тоқтамыстың әскерін талқандап, астанасын қиратып, Қырым сауда қалаларын тонап, ең шебер қолөнершілерін өзінің астанасы Самарқанға айдап әкеткен Әмір Темір берді.
ХV ғасырдың алғашқы бөлігінде Литуанияның патшасы Витаутастың әскерлерін Ворскла өзеніндегі шайқаста талқандаған Едіге билікті қолға түсіріп, Ноғай ордасын құрды.
1440-шы жылдары Ордада тағы бір азамат соғысы бұрқ ете түсті. Енді ол бірнеше хандықтарға бөлшектеніп кетті: Қасым хандығы, Қазан хандығы, Астрахан хандығы, Қазақ хандығы, Өзбек хандығы және Қырым хандығы әрқайсысы өз алдына билік құра бастады.
Бұл хандықтардың ешқайсысы да Мәскеу княздықтарымен күш сынаса алмады; ақыры 1480 жылы «Угра өзенінде болған тұрудан» кейін Мәскеу бағынудан мүлдем шықты. Мәскеу княздығы түбінде сол хандықтардың әрқайсысын (1550 жылдары Қазан мен Астарханнан бастап) басып алды. Ғасырдың соңына қарай Сібір хандығы Ресейдің құрамына кіріп, оның хандарының ұрпақтары орыстың патшасының қызметіне кірді.
Қырым хандығы 1475 жылы Османлы империясына бағынышты мемлекетке айналып, 1502 жылға қарай Ордадан қалғанды өздеріне бағындырып болды. ХVI ғасырда және XVII ғасырдың басында Қырым татарлары оңтүстік Ресей, Украина және тіпті Польшаны жиі-жиі шауып отырды, бірақ Ресейді жеңуге немесе Мәскеуді басып алуға күштері жетпеді. Османлылардың көмегінің арқасында Қырым хандығы жалғаса беріп, тек 1783 жылғы сәуірдің 8-інде ғана ІІ Екатеринаны оны тарқатып, жерін қосып алды. Алтын Орда мемлекетінің ең ұзаққа созылған мұрагер мемлекеттерінің бірі осы еді.

Таңдаулы материалдар

Close