Basty bet
АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ – ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСУДІҢ МАҢЫЗДЫ БАҒЫТЫ
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2026 жылғы 28 қазандағы Қазақстан халқына Жолдауында ауыл шаруашылығы саласын одан әрі дамыту, агроөнеркәсіптік кешеннің әлеуетін арттыру және заманауи технологияларды енгізу мәселелеріне ерекше тоқталды.
Президенттің айтуынша, ауыл шаруашылығына ұзақ мерзімді қаржыландыру тетіктерін жетілдіру, отандық тракторлар мен комбайндар өндірісін ұлғайту, егін және мал шаруашылығына жасанды интеллект мүмкіндіктерін енгізу – уақыт талабы.
Сонымен қатар суармалы егіншілікті дамыту, су ресурстарын тиімді пайдалану, ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеу, сақтау және өткізу жүйесін жетілдіру міндеттері белгіленді.
Мемлекет басшысы аграрлық саланы технологиялық жаңғырту мен өндіріс тиімділігін арттыру елдің азық-түлік қауіпсіздігін нығайтып, ауыл экономикасының дамуына жаңа мүмкіндіктер ашатынын атап өтті.
Бұл бағыттағы жұмыстар ауыл шаруашылығының бәсекеге қабілеттілігін арттырып, отандық өнімнің ішкі және сыртқы нарықтағы әлеуетін кеңейтуге негіз болады.