Basty bet

ҚҰРЫЛЫС ПЕН ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫ ДАМЫТУ – ЕЛ БОЛАШАҒЫНА САЛЫНҒАН ИНВЕСТИЦИЯ

Президент Қазақстанды ауқымды құрылыс алаңына айналдыру қажеттігін атап өтіп, 2027 жылды «Жалпыхалықтық ауқымды құрылыс жылы» деп жариялауды ұсынды.

Бастама аясында еліміздің барлық өңірінде жаңа мектептер, ауруханалар, спорт кешендері, мәдениет нысандары, тұрғын үйлер мен инженерлік желілер салу және қолданыстағы нысандарды жаңғырту көзделген. Сонымен қатар автомобиль жолдарын, теміржолдарды, көпірлер мен өзге де көлік инфрақұрылымын дамытуға басымдық беріледі.

Мемлекет басшысы 2029 жылдың соңына дейін инфрақұрылымды жаңғыртуға Ұлттық қордан шамамен 6,5 триллион теңге бағыттау қажеттігін айтты.

Бұл бастама өңірлердің құрылыс әлеуетін арттыруға, жаңа жұмыс орындарын ашуға, отандық құрылыс материалдары өндірісін қолдауға және тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған.

Ауқымды құрылыс жұмыстары елді мекендердің келбетін жаңартып қана қоймай, өңірлердің әлеуметтік-экономикалық дамуына да серпін бермек.

Таңдаулы материалдар

Close