Basty bet
2027 жыл – Жалпыхалықтық үлкен құрылыс жылы
Қасым-Жомарт Тоқаев 2027 жылды Жалпыхалықтық үлкен құрылыс жылы деп жариялауды ұсынды. Бұл бастама аясында мемлекет пен бизнестің күш-жігерін біріктіріп, елдің барлық өңіріндегі азаматтық инфрақұрылымды жаңарту көзделіп отыр.
«Халықтық құрылыс» бағдарламасы облыс орталықтарын, аудан орталықтарын және шағын елді мекендерді қамтиды. Автомобиль жолдарын, әуежайлар мен теміржол вокзалдарын, медициналық мекемелерді, ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған оңалту орталықтарын, спорт кешендерін, кітапханаларды, шығармашылық және ғылыми орталықтарды салу әрі жаңғырту жоспарланған. Тұрғын үй құрылысы да негізгі басымдықтардың бірі болып қала береді.
Инфрақұрылымды жаңғыртуға 2029 жылдың соңына дейін Ұлттық қордан шамамен 6,5 трлн теңге бөлу жоспарланып отыр. Осы соманың ішінде 1,5 трлн теңгені 2026 жылы және 2027 жылдың қаңтар-ақпан айларында іске қосылатын әлеуметтік жобаларға қарастыру тапсырылды.