El іshі

Үш тілді білу – заман талабы

№5 Михаил Ломоносов атындағы орта мектепте ағылшын тілі пәнінің апталығы өтті. Осыған орай мектебімізде ағылшын тілі пәнінің мұғалімдерінің ұйымдасқан түрдегі түрлі сабақтары өтті. Апталықтың ашылуы «Do you speak English?» тақырыбында ұстаздар мен оқушыларға ағылшынша сұрақ қойып, жауап алу түрінде басталды. Сұрақтарға ағылшын тілінде жауап бергендерге «Сoffee break» және тәттілер ұсынылды.
Апталықта барлық сынып оқушылары қамтылды. Апталықтың ашылуында пән мұғалімдері барлық оқушыларды мектепте апта бойы өтетін суреттер мен қабырға газеттер байқауына қатысуға шақырды.
Ағылшын тілі пәнінің мұғалімдері бекітілген кестеге сәйкес өздеріне қарасты сыныптармен ашық сабақтар өтті. Сабақ кезеңдерге бөлініп, әр кезең соңы ұштастырылған түрде қорытындыланып отырды. Тұңғыш Президент-Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында оқушылар постер қорғау арқылы ойларын қорытты. Бейнероликтер көрсетілді.
Жалпы ағылшын тілі апталығы тиісті деңгейде өтіп, мектеп басшылығы тарапынан «жақсы» деп бағаланды. Апталықтың жабылу салтанатында бастауыш сынып оқушылары «Бауырсақ» ертегісін ағылшын тілінде қойды.
Сонымен қатар апталықтың басында ілінген қабырға газеттері мен суреттер байқауы қорытындыланып, жеңімпаздар марапатталды. Атап айтсақ, қабырға газеттері байқауында 5 «ә», 8 «б», 11 «ә» сыныптары марапатталып, ағылшын тіліндегі ән-би жалғасын тапты.
Апталықтың мақсаты – оқушыларымыздың білімін саралап, танымдық қабілеттерін арттыра отырып, ізденімпаздыққа, ұйымшылдық пен тапқырлыққа тәрбиелеу болды. Осы мақсатқа ағылшын тілі пәнінің мұғалімдері апталық барысында өз мақсаттарына жетті.

Камила Итыманова,
№5 М.Ломоносов атындағы
орта мектептің
ағылшын тілі пәнінің мұғалімі

Таңдаулы материалдар

Close