El іshі

Елдің берекесін сақтап қалу – парызымыз

Жаңа жылдың алғашқы күндері еліміздің бірқатар өңірлерінде орын алған қаралы оқиғалардан қабырғамыз қайысып, жүрегіміз қан жылады.
Бастапқыда шерулер бейбіт сипатта, әділетті талаппен өткен еді. Алайда, арнайы дайындалған арандатушылар мен содырлар бейбіт митингтерді өздерінің жымысқы мақсатына пайдаланып кетті.
Ендігі жағдайда, әрбір саналы азамат осы оқиғадан сабақ алып, сабыр сақтауы, еліне, жағдайды түзетуге әрекеттеніп жатқан билікке сенім артуы тиіс. Елдің тұтастығын, берекесін сақтап қалуға ел-жұрт болып көмектесуіміз керек.
Өкінішке орай, қақтығыстар кезінде қаза тапқан азаматтар аз емес. Олардың отбасылары мен жақындарына қайғырып көңіл айтамын. Имандары жолдас болсын.
Қазақ ежелден еңбек пен ерлікті, жігер мен ерікті ту еткен текті халық. «Бас кеспек бар болса да, тіл кеспек жоқ» деп өз тілегін тілімен, сөзімен жеткізген жұрт. Сөз жоқ, елімізде түзейтін, реттейтін, қалпына келтіретін дүниелер көп. Бастысы, елдің берекесін сақтап қалу – біздің парызымыз.
Біз қай жерде туып, қай өңірде жүрсек те бір атаның баласымыз. Қарға тамырлы қазақпыз! Мен күшті де қуатты, әсем де әлеуетті мемлекеттің ертеңіне сенемін!
Аман болайық! Ел бірлігі мен берекесін сақтайық, ағайын!

Еңсебек АБСАЛЯМОВ,
Билікөл ауылдық округі ардагерлер кеңесінің төрағасы, ауданның Құрметті азаматы.
Қарабастау ауылы

Таңдаулы материалдар

Close