El іshі

Егемен елдің ауасымен тыныстап, еркін өскен өрендер

Еліміз Тәуелсіздікке қол жеткізген 1991 жылы дүние есігін ашқан нәрестелер бүгінде 30 жасқа келіп отыр. Егеменді ел құрдастары Тәуелсіз Қазақстанның тарихы басталған тұста дүниеге келгендерін мақтан тұтады. Сонымен қатар, Жуалы аудандық №7 өрт сөндіру бөлімінде қызмет атқаратын Тәуелсіздік құрдасатарын айта кеткенді жөн көрдік.
Азаттықтың ақ таңында дүниеге келген Жуалы ауданының тұрғыны Қуаныш Рахматилаұлы өзінің туған күнін де, есімін де мақтан тұтады. Еліміз тәуелсіздік алып жатқан тұста сәбилі болған оның ата-анасы жаңа кезеңде азат өмір сүрсін деп ырымдап «Қуаныш» деп есімін қойған екен.
1991 жылы дүниеге келген Қуаныш қазіргі таңда, осы бөлімде қарауыл бастығы болып қызмет атқарады. Кеудесінде патриоттық сезімі ұялаған жігіттің отанға деген сүйіспеншілігі ерек. Ол отаны үшін аянбай тер төгіп, адал қызмет етуде.
Одан бөлек, Ержан Қанатұлы да осы бөлімде бөлімше командирі болып қызмет етеді. Жас болса да біраз өрттерді сөндіру кезінде шешуші бағытты дұрыс таңдап, ауыздықтай алды.
Ержанның есімі де текке қойылмаған. Оның ата-анасы ел шежіреміз жарқын болашақпен ұлассын деген оймен ырымдап есімін «Ержан» деп қойған. Ол бүгінде өз елінің патриоты деген атқа кір келтірмей, аянбай еңбек етуде.
Тәуелсіздікпен түйдей құрдас тағы бірнеше әріптестеріміз бар. Олар, Құнанбай Темірланұлы, Бауыржан Ерболұлы және Мұхит Сапарғалиұлы. Олар ғаламдағы ең қауіпті мамандықтардың бірі – өрт сөндіру бөлімінде абыройлы қызмет атқаруда. Сондай-ақ, бұл азаматтарды еркін елдің ауасымен тыныстап, еркін өскен өрендер деуге анық болады. Сондықтан Тәуелсіз деген ұғымды жақсы түсінеді.
Кейіпкерлеріміз «Тәуелсіздік алған жылы өмірге келген соң» деген сөз тек мереке қарсаңында ғана емес, күн сайын саналарын сәулелендіріп, бойларындағы отансүйгіштік қасиеттерін арттыратынын айтты.

Берік Каипов,
аудандық №7 өрт сөндіру бөлімі бастығының орынбасары, азаматтық қорғау капитаны.
Алмас Абылай,
аудандық Төтенше жағдайлар бөлімінің аға инженері, азаматтық қорғау капитаны

Таңдаулы материалдар

Close