El іshі
Арқаны кеңге салуға әлі ерте
«Ауырып ем іздегенше, ауырмаудың жолын ізде» дейді дана халқымыз. Осы орайда бүгінгі күннің ең өзекті проблемасына айналған коронавирус індетінен құтылудың жалғыз жолы – екпе алу екенін дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының өкілдері қадап айтқаны баршамызға мәлім. Айтқаны сол еді, әлеуметтік желілерде вакцина туралы жалған ақпараттар да, шындыққа жанаспайтын қауесеттер де желдей есе кетті. Осыған байланысты аты жаман індетке үрейленіп жүрген жұрт одан сайын дүрлігіп, екпеге үреймен қарай бастағаны жасырын емес. Қазіргі елдегі ахуал да айтарлықтай мәз емес екенін күнделікті бұқаралық ақпарат құралдары жарыса жазып та, айтып та жатыр. Ендеше неге: «Тәртіпке бас иген құл болмайды» деген Бауыржан Момышұлының нақылын ұстанбаймыз?! Неге біз осы қауесеттерге еріп, жалған ақпаратқа сенеміз?! Жалған ақпарат демекші, сондай мәліметтің біріне тоқталайықшы.
Әлеуметтік желіні аша қалсаң, вакцина салдырмағандарға «500 баспана беріледі» десе, Нұр-Сұлтан қаласының денсаулық сақтау басқармасы мәлімдеген хабарламада вакцина салдырғандардың арасында үй, ал Шымкент қаласында iPhone ұялы телефоны ұтыс ретінде ойнатылады деп ресми хабарлаған болатын. Мұндай ақпаратты көріп, естігенде не жыларыңды, не күлеріңді білмейсің. Вакцина – лоторея емес, ол халықтың денсаулығы мен қауіпсіздігі үшін болуы керек. Сондықтан жалған ақпараттардан мейлінше аулақ болғанымыз жөн.
Осы ретте, тұрғындар арасында вакцина туралы сауалнама жүргізіп, пікірлерін білген едік.
Мақпал Саматқызы,
«Жаңа өмір»