El іshі

Жырлайды жүрек

Абай атындағы орта мектепте мектеп директоры Жанар Өтегенованың ұйымдастыруымен ұстаздар арасында «Мұғалімнің бойында өзін-өзі және өзгені бағалау, ұстанымын қалыптастыру» тақырыбында коучинг өтті.
Іс-шара соңынан М.Мақатаевтың туған күніне орай «Жырлайды жүрек» атты әдеби-сазды кеш ұйымдастырылды.
Кеш директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Жібек Кенжебекованың жетекшілігімен өтті.
Іс-шара барысында оқушылар ақынның әндерін орындап, өлеңдерін оқыды, өздерінің ақынға деген арнауларын тебірене оқыды. Жас мамандар ақын өмірінен көрініс қойды.
«Мұқағали – қазақ поэзиясының Хантәңірі» атты кітап көрмесі жабдықталды.
Кеш қорытындысында мектеп директоры көпшіліктің көңілінен шыққан оқушылар мен ұстаздарды марапаттап, алғысын білдірді.

Нұржанат Байғожа,
№9 Абай атындағы орта мектептің кітапханашысы

Таңдаулы материалдар

Close