El іshі

Ауылдан жеткен ақпарат

Билікөл
Округте Қарабастау ауылының тумасы, самбо күресінен спорт шебері Бекберді Қашкеевті еске алуға арналған волейболдан жарыс өтті. Жарысқа спортшының інілері демеушілік жасады.
Шараға алты команда, яғни «Бәйдібек-1», «Бәйдібек-2», «Ұстаздар», «Оқушылар», «Қарабастау», «Қаратау» командалары қатысты.
Тартысты өткен жарыстың нәтижесінде І орынды «Қаратау» командасы иеленсе, ІІ орыннан «Ұстаздар» құрамасы көрінді. Ал ойынның жүлделі ІІІ орнын «Бәйдібек-2» командасы қанжығасына байлады. Шара барысында жүлделі орын иеленген командалар арнайы Алғысхатпен марапатталып, сыйлықтар табысталды.

Көкбастау
Теріс ауылында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі бойынша халыққа түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында жиын өтті. Жиынға аудан әкімінің орынбасары Асхат Жабағы, аудандық жұмыспен қамту орталығы директорының орынбасары Нұрлан Әнуарбеков, аудандық орталық аурухана бас дәрігерінің орынбасары Нұрбай Ергебеков, ауылдық округ әкімі Ержан Серкебаев және ауыл тұрғындары қатысты.
Жиынды Көкбастау ауылдық округінің әкімі Е.Серкебаев жүргізіп отырды.
Кездесу барысында аудандық аурухана бас дәрігерінің орынбасары Н.Ергебеков, аудандық халықты жұмыспен қамту орталығы директорының орынбасары Н.Әнуарбеков сөз алып, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Ал, аудан әкімінің орынбасары А.Жабағы денсаулық сақтау саласындағы жаңа жүйенің тиімділігі туралы кеңінен әңгімеледі.

Күреңбел
№10 Күреңбел орта мектебінде «Жас ұлан» ұйымының ұйытқы болуымен 8 Наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай «Арулар – асыл жандар» атты салтанатты іс-шара өтті.
Мерекелік кешті «Жасұлан» ұйымының жігіттері ұйымдастырып, ән шырқап, би билеп, ойындар ойнатып, қызықты өткізді. Шара барысында қонақ болған нәзік жандыларға гүл шоқтары табыс етілді.

Қызыларық
Ы.Алтынсарин атындағы орта мектепте аудандық орталық аурухананың бас дәрігері Батихан Алпысбай және аудан әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Керімхан Төреқұловтың қатысуымен ауыл тұрғындарымен кездесу өтті.
Кездесуде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі әр азаматқа қатысы бар реформа екендігі, тиімділігі мен берер мүмкіндігі жайлы ақпаратпен таныстырып, медициналық сақтандыру туралы жалпы түсінік берді.

Айгүл Қалымханқызы,
«Жаңа өмір»

Таңдаулы материалдар

Close