El іshі

Маки-Маки орталығы аудан тұрғындарына сапалы қызмет көрсетуде

Бүгінде мемлекет тарапынан жастарға түрлі салада жеке бизнесін ашуға немесе кеңейтуге кең жол ашылуда. Бұл да қазіргі жастар үшін үлкен мүмкіндік.
Қазіргі таңда ауданда қызмет көрсету саласы қарқынды дамып келеді. Соның ішінде тез дайын болатын фастфуд тағам түрлерін дайындап, сатумен айналысатын жеке кәсіпкер Алмат Әлиханұлының «Маки-маки» дәмханасы биыл наурыз айынан бастап халыққа қызмет көрсетуде.

«Маки-маки» атауымен аталатын фастфуд өнімдерін дайындайтын жер Қазақстанның көптеген қалаларында ашылған. Ашылғанына көп болмаса да аз уақыттың ішінде аудан тұрғындарының ықыласына бөленіп үлгерген. Бұл жерге тұрғындар отбасымен барып немесе достарымен отырып фастфуд жеп қайтатын ыңғайлы орын. Бұл жердің іші емес, сыртының өзі адамды шақырып тұратындай. Ішінің тап-таза, ыңғайлы орналастырылған.
Орталықты Тараз қаласының тұрғыны, жеке кәсіпкер Алмат есімді азамат өз қаражатына ашып отыр.
Кәсіпкер ұзақ жылдар Тараз қаласындағы банктердің бірінде жұмыс істеген. Уақыт өте бір жалақымен отыра беруге болмайтынына көзі жетіп, жеке кәсіпке бет бұрады. Ол алғашқы да әртүрлі кәсіппен айналысады. Жеке кәсіппен айналысқан оңай шаруа емес. Бір күні болады, бір күні болмай қалады дегендей. Осының бәрінен сабақ алған кәсіпкер, алған бетінен қайтпай кәсіпкерліктің қыр-сырын меңгереді.
– Мен тамақ бизнесі әрқашан басымдыққа ие болатынын білетінмін. Сондықтан, мен осы мүмкіндікті пайдалануды жөн көрдім. «Маки-маки» атауымен аталған біздің өнімдерімізді өзіңізбен бірге алып кете аласыз, осында тамақтануға болады немесе жеткізілімге тапсырыс беруге болады. Өнімнің біз көптеген түрін шығарамыз. Мәзірдегі пиццаның 10 түрінен басқа, донер, пицца, суши өнімдерінің түр-түрін дайындаймыз. Бұл атаумен аталатын орталық өздеріңіз білетіндей Қазақстанның қаншама қаласында ашылған. Қай қалада ашылсада тұрғындардың тек қана ризашылығына бөленуде. Өйткені әрбір өнім сапалы дайындалған өнім қашанда жоғары бағаланады,-дейді кәсіпкер.
Қазір Алматтың демалыс орны 10 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр. Ол да болса жұмыссыз жүрген азаматтар үшін үлкен көмек. Арасында өзі де тағам әзірлеп, тіршіліктің қазанын қайнатуда.
Біз орталыққа бас сұққанда ол жерде тапсырыс берушілердің қарасы үзілмейтінін байқадық. Бірі келіп тапсырыс берсе, енді бірі WhatsApp желісі арқылы тапсырыс беруде.
Біз тапсырыс берушілерден жаңадан ашылған фастфуд орталығы туралы сұрағанымызда. Олар бұл жердің тағамдарына риза екендерін білдірді. Бір рет алған адам екінші рет міндетті түрде тапсырыс беретінін айтты. Ал біреуі болса, осы жер ашылғалы шалғай ауылда тұрсада балаларын демалыс күндері міндетті түрде осы жерге алып келетіндерін жеткізді.
Иә, қандай кәсіп ашсаңда, бастысы тұтынушылардың көңілінен шығу. Кәсіпкер бұл мақсатпен аянбай еңбек етуде.

Баян Тұрсынқұлқызы,
«Жаңа өмір»

Таңдаулы материалдар

Close