El іshі

Ауылдың діни ахуалы

Бауыржан Момышұлы ауылында дін саласындағы жұмыстар «Қазақстан Республикасының 2017-2020 жылдарға арналған дін саласындағы мемлекеттік саясат тұжырымдамасы», «Қазақстан Республикасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018-2022 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» аясында жүзеге асырылуда.
Бауыржан Момышұлы ауылында «Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасы» республикалық діни бірлестігінің филиалы ретінде екі мешіт (Жуалы мешіті, З.Толымбайтегі мешіті) ресми тіркеуден өтіп жұмыс атқаруда. Мешіт имамдарының барлығы да діни курстардан өткен. Одан бөлек ауылымызда екі провославиялық шіркеулер бар, олар: Церковь Святых мучеников, Церковь Серофимосоровского Шымкентский и Таразский.
Барлық ғибадат орындары бейнебақылау жүйелерімен қамтамасыз етілген. Денсаулық сақтау мамандары қызылшаға қарсы екпе салу туралы апта сайын түсіндірме жұмыстарын тұрақты түрде жүргізіп отыруда.
Қазіргі таңда діни ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізуге ауылда ақпараттық түсіндіру тобы құрылған. Топтың құрамына бес адам тартылған. Атап айтсақ, дінтанушы-теолог, атқарушы орган қызметкері мен ардагерлер кеңесінің төрағасы. Ақпараттық түсіндіру тобы ауылдағы білім және тәрбие ошақтарымен бірлесе отырып жұмыс атқаруда.
Бауыржан Момышұлы ауылы бойынша дін, діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл тақырыбында ауыл тұрғындары және жастармен жеті іс-шара ұйымдастырылып өткізілді. Ауыл аумағында дінге қатысты екі баннер орналастырылған.

Темірхан Қалиев,
Б.Момышұлы ауылы
әкімі аппаратының бас маманы

Таңдаулы материалдар

Close