El іshі

Саламатты ұрпақ – елдің жарқын болашағы

Бүгінгі жас ұрпақ – елдің ертеңгі болашағы. Мемлекеттің де алға қойып отырған мақсаты біреу – ол қазіргі қоғам мұратына сай жан-жақты жарасымды тұлғаны тәрбиелеу. Жас ұрпаққа дұрыс тәлімді тәрбие бере алсақ, онда оның жан дүниесі де дұрыс қалыптасып жетіледі, яғни, бойына жақсы қасиеттерді сіңіріп өседі. Бұл қасиеттердің барлығы адамның бойында бала кезінен бастап тұрақты қалыптаспақ. Баланың өмір сүруге құштарлығының оянуы жақсы мен жаманды, обал мен сауапты ажырата білуі – өзін қоғам мен қоршаған ортасына, ата-анасына, құрбы-құрдастарына, олардың іс-әрекеттеріне және де басқа да қасиеттеріне байланысты.
Халқымыз: «Ұяда не көрсе, ұшқанда соны ілер» дейді. Ата-ананың отбасындағы іс-әрекеті балалардың күнделікті көз алдында өтеді. Сондықтан, жақсы мен жаман әдеттің бала тәрбиесіне әсері мол. Бүгінгі бәсекеге қабілетті талап еткен қоғамда жас ұрпақты сол қоғам мүддесіне сай, оның мұң-мұқтажын өтерлік, елі мен жеріне және халқына қорған болатын ұлтжанды, кісінің ала жібін аттамайтын иманды азамат етіп тәрбиелеудің маңызы зор.
Аудан әкімдігінің жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия отырысының №4 хаттамасының 3.2 тармағына сәйкес, жасөспірім ұлдар арасында «Дені сау ұрпақ – ұлт болашағы!», қыздар арасында «Қыз тәрбиесі – ұлт тәрбиесі!» және ата-аналардың арасында «Бала қауіпсіздігі – қоғамның басты міндеті» тақырыптарында аудандық орталық аурухананың, Жуалы ауданының білім бөлімінің және аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-ның арасында келісілген, сонымен қатар, аудан әкімінің орынбасары А.Ахметовамен іс-шаралар жоспары бекітілген болатын. Осы жоспарға сәйкес, ауданға қарасты барлық ауылдық округтерде орналасқан жалпы білім беретін мектептерде жасөспірім ұлдар арасында жоғарыда аталған тақырыптарда жиналыс өткізілді.
Іс-шараға, КТІжОҚҚЖК мүшелері, аудандық орталық аурухананың гинекологтары, психиатр-нарколог дәрігері З.Бердіхожаева, «Сенім» ЖДО-ның мамандары, «Жастар ресурстық орталығының» психологі Н.Мақтабаева және 8-11 сынып жетекшілері қатысты.
Жиналыс барысында білім алушыларға оқушылардың өсуі мен олардың өз денсаулығына жауапты көзқарас қалыптастыру керек екендігі, қазіргі және болашақ жасөспірімдердің ата-аналарына, өскелең ұрпақпен жұмыс жасайтын мамандар үшін де, бала тәрбиесі мен оқытуға атсалысатын барлық қамқоршы ересектер үшін де оқуға пайдалы үнпарақтар мен мәліметтер кеңінен айтылды. Ата-аналар арасында «Жасөспірімдердің арасында куйзелістің алдын алу», «Балалардың психоэмоцианалды көңіл күйлерін көтеру» және «Жат қылықтардың адам тағдырына әсері» тақырыптарында түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Іс-шара барысында қатысушылар дәрігерге жеке сұрақтарын қойып, ұсыныстарын айтты. Жиын соңында қатысушыларға ақпараттық оқыту құралдары таратылды
Қорыта келе айтарымыз, қоғамдағы жақсы және жаман мінезді баланы, тіпті, тұлғаны өзіміз қолдан жасаймыз. Қарны тойса қалғымайтын ұрпақ тәрбиелейік! Сондықтан болашағының баянды болғанын қалаған ел жас ұрпағының ұлағатты болуына мүдделі болуы керек!

Венера Сейтаева,
аудандық орталық аурухананың «Сенім» ЖДО маманы

Таңдаулы материалдар

Close