El іshі

Діни қызмет – заң аясында

Билікөл ауылдық округінің аумағында дін саласындағы жұмыстар «Қазақстан Республикасының 2017-2020 жылдарға арналған дін саласындағы мемлекеттік саясат тұжырымдамасы», «Қазақстан Республикасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018-2022 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама» аясында жүзеге асырылуда.
Округке қарасты төрт елді мекенде «Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасы» республикалық діни бірлестігінің филиалы ретінде бір мешіт және бір намазхана ресми тіркеуден өтіп, жұмыс атқаруда. Мешіт имамы арнайы діни курстан өткен.
«Билікөл» орталық мешітінде бейнебақылау жүйесі орналастырылған, олардың жұмыс істеуі және істен шықпауы күнделікті бақылауда. Округ аумағында денсаулық сақтау мамандары елді мекендерде қызылшаға қарсы екпе салу жөнінде тұрақты түсіндіру жұмыстарымен 245 адам қамтылды.
Бүгінгі таңда ауылдық округте діни ақпараттық түсіндіру тобы жұмыс істейді. Оның құрамына бес адам тартылған, дінтанушы-теолог, атқарушы орган қызметкері мен ардагерлер кеңесінің төрағасы. Олар округте орналасқан білім және тәрбие беру ошақтары мұғалімдерімен бірлесе жұмыс істеуде.
Округтің төрт елді мекенінде дін «Рухани жаңғыру», діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл тақырыбында ауыл тұрғындарымен және жастарымен 12 іс-шара ұйымдастырылып, өткізілді. Сондай-ақ округ аумағында, мемлекеттік мекемелерде тақырыптық баннерлер орналастырылған.
Нұрзулла Лұхманов,
Билікөл ауылдық округі
әкімінің міндетін атқарушы

Таңдаулы материалдар

Close