El іshі

Қолөнер көрмесі

Аудандық «Достық» мәдениет үйінде түрлі этнос өкілдері арасында қолөнерден көрме өтті. Көрмеге аудандағы әзірбайжан, шешен, славян, өзбек этномәдени бірлестіктерінің мүшелері ұлттық қолөнерлерінен көрме дайындады. Сонымен бірге ұлттық өнерлерін көрсетті.
Бірі ән салса, бірі би биледі. Мәдениет үйінің қызметкерлері мен түрлі этнос өкілдері бірге «Алғыс» әнін орындады.
Мәдениет үйінің фойесінде өткен көрмеде үлкен орын қазақ халқының киіз үйіне берілді. Аудан өнерпаздары Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай Абайдың рөлін сомдап, ақынның шығармаларынан үзінді оқыды.

«Жаңа өмір» – ақпарат

Таңдаулы материалдар

Close