Basty bet
Дуальды оқыту – заман талабы
«Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Тұңғыш Президент-Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жолдауын негізге ала отырып, ҚР 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» Заңы және ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2012 жылғы 21 ақпанындағы «Білім ұйымдарында эксперимент ретінде іске асырылатын білім беретін оқу бағдарламаларын» әзірлеу, сынақтан өткізу және енгізу қағидаларын бекіту туралы №58 бұйрығына сәйкес №16 Жуалы колледжінде оқу жылынан бастап «1504062» – Ауыл шаруашылығы өндірісінің тракторист-машинисті» мамандығы бойынша студенттер дуальды оқыту жүйесімен білім алуда.
Дуальды оқытудың ұтымды тұсы – ізденімпаз студенттер теориялық біліммен шектелмей, дәрісханада түйгенін тәжірибе жүзінде атқарып дағдыланады. Дуальды оқытудың ерекшелігі – жоспар бойынша теориялық білімге 40 пайыз, іс-тәжірибеге 60 пайыз сағат бөлінеді. Дуальды оқытудың негізгі принципі – теориядан тәжірибеге көшу. Бұл үшін төрт жақты келісімшарт жасалады.
№16 Жуалы колледжінің «Ауыл шаруашылығы өндірісінің тракторист-машинисті» мамандығы бойынша №31 топ білімгерлерінің бір тобы Қарасаз ауылында орналасқан «Елезавета» шаруа қожалығында дуальды оқыту бойынша іс-тәжірибеден өтті.
Қожалық басшысы В.Литвинов, білімгерлер А.Литвинов, В.Литвинов С.Беспалов, А.Круглов өздеріне тапсырылған дуальды оқыту бағдарламасы бойынша іс-тәжірибеден өтті. Машықтану барысында тракторды жүргізу, техникалық күтім жасау, жөндеу жұмыстары және техниканы сақтауға қою бойынша кеңес алды. Техникамен жұмыс жасау барысында жер өңдеу, шөп ору, шөп түктеу, жүк тасымалдау жұмыстарын өз дәрежесінде атқара білді. Мәселен, А.Литвинов жер жырту, егін егу науқанына қатысса, С.Беспалов жүк тасымалдап, МТЗ-80 тракторымен шөп, сабан тасыды. Ал, А.Круглов тапсырылған жөндеу жұмыстарының барлығын тиянақты орындады.
Оқу жылының соңында аталған білімгерлер қолдарына дипломдарын алып, «Елезавета» шаруа қожалығына «Механизатор» мамандығы бойынша жұмыс істеуде. Қожалық басшысы білімгерлердің біліктілігіне ризашылығын білдіріп, №16 Жуалы колледжінің ұжымына алғысын білдірді.
Әділбек Байбазаров,
№16 Жуалы колледжінің жоғары
санатты оқу өндірістік шебері