Qoǵam

Кепілдік берілген топтама таратылды

2020 жылы атаулы әлеуметтік көмекті төлеу тетігін оның ашықтығын, әділдігін және еңбекке деген ынтаны қамтамасыз ету мақсатында түзету, сондай-ақ табысы төмен отбасылардағы балалар үшін кепілдендірілген әлеуметтік топтаманы енгізу қажеттігі туралы Мемлекет басшысы Қасым Жомарт Тоқаев өз Жолдауында ел Үкіметінің алдына нақты міндет қойды.
Сондықтан, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі АӘК берудің қолданыстағы жүйесін өзгертетін заң жобасын әзірледі және 2020 жылдың 1 қаңтарынан енгізілген АӘК-тің басты бағыты еңбекке ынталандыру болып табылады. Енгізіліп отырған жаңа ұстанымдарда көпбалалы аналарды қолдау, жаңғыртылған атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау, кепілдік берілген әлеуметтік топтама беру көзделген.
Мемлекеттік атаулы көмек алушы аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларға кепілді әлеуметтік топтаманы беру енгізіліп, мектепке дейінгі жастағы балалар тамақпен, гигиеналық құралдармен қамтамасыз етілуде. Ал, оқушы балалар үшін мектептерде тегін ыстық тамақты, сондай-ақ мектеп формасы мен оқу құралдарын мемлекет есебінен беріледі.
Атаулы әлеуметтік көмек өмірлік қиын жағдайға тап болған және өз бетінше шығуға мүмкіндігі жоқ адамдарға ғана тағайындалуы тиіс болғандықтан, АӘК алушылардың өз табысын жасыру мүмкіндігін пайдалану жағдайларын төмендету мақсатында шартты және шартсыз көмекті үш айға тағайындау яғни тоқсан сайын құжат өткізу тәртібі қайта енгізілді.
Сонымен қатар, барлық отбасы мүшелеріне АӘК орта табысымен кедейлік шегі арасындағы айырмашылық көлемінде төленуде, егер отбасының еңбекке қабілетті мүшесі ұсынылған белсенді жұмыспен қамту шаралардан бас тартса, онда ол және оның отбасының барлық мүшелеріне АӘК тағайындаудан бас тартылады. Сондай-ақ, бала күтімімен айналысатын анаға, былтырғы жылы баласы 7 жасқа толғанға дейін болса, 2020 жылдан бастап бала үш жасқа толғаннан кейін жұмыспен қамтудың белсенді шараларына қатысу қажеттілігі көзделген.
2020 жылдың 2 айында аудандағы 14 ауыл әкімдіктері, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мен халықты жұмыспен қамту орталығы арқылы жалпы барлығы 2805 адамға консультациялар берілді. 2638 адамы бар 484 отбасынан өтініштер қабылданып, 438 отбасының 2399 адамына 32836,2 мың теңге көмек тағайындалды және 46 отбасының табысы асып кетуіне байланысты тағайындаудан бас тартылды. Тағайындалған 438 отбасына толығымен 2 айлық төлем (32836,2 мың теңге) аударылды.
Биылғы жылға аудан бойынша 6591 адамы бар 1307 отбасына атаулы әлеуметтік көмек көрсетіледі деп жоспарлануда. Осы мақсатқа республикалық бюджеттен 536,3 млн теңге, жергілікті бюджеттен 321,6 млн теңге және облыстық бюджеттен 164,9 млн теңге барлығы 1 022 751 мың теңге бөлінді.
1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды тамақпен, гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету бойынша, бүгінгі күнге атаулы әлеуметтік көмек тағайындалған 438 отбасынан 1-6 жасқа дейінгі 541 бала анықталды. 2020 жылдың 3 наурызында өз тарапымыздан жүк тасымалдау көлігі ұйымдастырылып, Шымкент қаласындағы «Магнум» сауда орталығының базасынан қаңтар айында атаулы әлеуметтік көмек тағайындалған 265 отбасының 1 жастан 6 жасқа дейінгі 434 балаларына бекітілген тізім бойынша 19 түрлі тамақ түрлері қабылдап алынып, ауданға жеткізілді. 4 наурыз күні әлеуметтік пакеттерді дайындау жұмыстары шұғыл жүзеге асырылып, 434 баланың пакеттері толығымен үлестірілді.
2020 жылға бұл жоба бойынша республикалық бюджеттен 54236,0 мың теңге, жергілікті бюджеттен 40228,0 мың теңге барлығы 94464,0 мың теңге қаралды.

Керімхан Төреқұлов,
аудан әкімдігі жұмыспен қамту және
әлеуметтік бағдарламалар
бөлімінің басшысы

Таңдаулы материалдар

Close