Qoǵam
Абайлаңыз, магистральдық газ құбыры!
Жамбыл облысының аумағында километрлік бағаналармен және ескерту таңбаларымен белгіленген «Бухара газды ауданы – Ташкент-БІшкек-Алматы» (БГА-ТБА), «Қазақстан-Қытай» магистральдық газ құбырлары, жоғары қысымды газ құбырлары – бұрмалары жүргізілгендігін, магистральдық газ құбырларының (бұдан әрі – МГҚ) құрамына кіретін технологиялық байланыс, телемеханика және электр желілерінің тармақтары және құрылыстары, компрессорлық станция (бұдан әрі – КС) және автоматты газ тарату станциясы (бұдан әрі – АГТС) орналасқан.
Қазақстан Республикасының «Магистральдық құбыр туралы» Заңына және Қазақстан Республикасының телекоммуникация желілерін күзету қағидаларына сәйкес мынадай күзету аймақтары бекітілген:
– табиғи газды тасымалдайтын магистральдық құбыр трассалары бойында – құбыр осінің әрбір жағынан 50 метр жерден өтетін шартты сызықтармен жер учаскесі түрінде шектелген; ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерде магистральдық құбырдың күзет аймағы құбыр осінің әрбір жағынан 25 метр жерден өтетін шартты сызықтармен шектеледі;
– бір техникалық дәлізде төселген көпжелілі құбырлар трассалары бойында – шеткі құбыр осінің әрбір жағынан 50 метр жерден өтетін шартты сызықтармен жер учаскесі түрінде шектелген; ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерде магистральдық құбырдың күзет аймағы шеткі құбыр осінің әрбір жағынан 25 метр жерден өтетін шартты сызықтармен шектеледі;
– суасты өткелдері бойында – өткелдердің шеткі желілері осьтерінің әрбір жағынан 100 метрге кейін қалатын қатар жазықтықтар арасында орналасқан су бетінен түбіне дейінгі су кеңістігі учаскесі түрінде;
– компрессорлық және газ тарату станциялары – аталған объектілер аумақтарының шекараларынан барлық жаққа 100 метрге кейін қалатын, тұйықталған сызықпен шектелген жер учаскесі түрінде орнатылады.
– байланыс желісі трассасының бойында – байланыс желісі осінің әрбір жағынан 2 метрден кем емес қашықтықта байланыс желісі трассасынан қашық орналасқан параллель түзу анықталатын жер учаскелері түрінде.
Құбыр желілерін және байланыс желілерін күзету аймағында құбырларды және байланыс желілерін қалыпты пайдалануын бұзуы мүмкін немесе олардың зақымдалуына әкелуі мүмкін кез келген түрдегі әрекеттерді жүргізуге, атап айтқанда:
– айыру белгілерінің, бақылау өлшеу пункттерінің орнын ауыстыруға, оларды көмуге және сындыруға;
– «Магистральдық құбырлар» 3.05-101-2013 ҚР ҚН талаптарына сәйкес қашықтықта елді мекендерді, жекелеген өнеркәсіптік және ауыл шаруашылығы кәсіпорындарын, ғимараттар мен құрылыстарды жобалау және салу талаптарына сәйкес (Б қосымшасы Б1, Б2 кестесі) газ құбырының, КС, АГРС шеткі желісінің осінен, сондай-ақ қандай да бір инженерлік коммуникациялармен (каналдармен, арықтармен, дренаждармен, кез келген мақсаттағы жолдармен) газ құбырларының қиылысуы.
– қызмет көрсетілмейтін күшейткіш кабельдік байланыс пункттерінің люктерін, қақпаларын және есіктерін, желілік арматура тораптарының, катодтық қорғау станциясының, желілік және бақылау құдықтарының және өзге де желілік құрылғылардың қоршауын ашуға, крандар мен ысырмаларды ашуға және жабуға, байланыс, энергиямен жабдықтау және құбыр желісінің телемеханикасы құралдарын сөндіруге;
– кез келген түрдегі қоқыс тастайтын жерге айналдыруға, қышқылдардың, тұздардың және сілтілердің ерітінділерін төгуге;
– жағаның бекініс құрылыстарын, су өткізетін құрылғыларды, құбыр желілерін, байланыс желілерін бұзылудан, ал іргелес жатқан аумақ пен қоршаған жерді тасымалданатын өнімнің апатты түрде ағып кетуінен сақтандыратын үйінді және өзге де құрылыстарды (құрылғыларды) бұзуға;
– от жағуға және қандай да бір ашық немесе жабық түрдегі от көздерін орналастыруға тыйым салынады.
«Интергаз Орталық Азия» АҚ «Тараз» МГҚБ филиалының жазбаша рұқсатынсыз МГҚБ-ның және байланыс желілерінің күзету аймақтарында тыйым салынады:
– өткелдерді, қара жолдарды және магистральдық құбыр трассасы мен оның күзет аймағын өзге де уақытша немесе тұрақты көлікпен кесіп өтудің орналасу орындарын, салу, жайластыру және пайдалану тәртібін магистральдық құбырдың меншік иесімен келіспей орнатуға;
– бағбандыққа және орман өсіруге, сондай-ақ жер жырту тереңдігі отыз бес сантиметрден аспайтын далалық ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру үшін агротехникалық жұмыстар кешенінен басқа, магистральдық құбырдың меншік иесімен келісілмеген кез келген жұмысты орындауға;
– магистральдық құбырдың меншік иесі не оператор жайластырған, магистральдық құбырға қызмет көрсету мен оның физикалық қорғалуын қамтамасыз етуге арналған жолдарды рекультивациялауға, сондай-ақ магистральдық құбырда өртке қарсы және күзет функцияларын орындайтын қызметкерлердің осы жолдармен қозғалысына, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларды қоспағанда, кедергі келтіруге;
– кез келген құрылыстарды салуға;
– автомобильдік көлік құралдарының, тракторлардың және механизмдердің тұрағын ұйымдастыруға;
– мелиоративтік жер қазу жұмыстарын жүргізуге, жерді суару және құрғату жүйелерін салуға;
– таулы, құрылыс, монтаждау және жару жұмыстарын жүргізуге, магистральдық құбырдың меншік иесінің келісімінсіз жерді жоспарлауға;
– геологиялық түсіру, іздестіру, геодезиялық және ұңғымаларды, шурфтарды орнатумен және жердің сынамаларын алумен (жер қыртысының үлгілерінен басқа) байланысты өзге де жұмыстарды жүргізуге тыйым салынады.
Магистральдық құбырларды, жоғары қысымды газ құбырлары-бұрмаларды, МГҚ құрамына кіретін технологиялық байланыс желілері мен құрылыстарын, телемеханика және электр желілерінің КС және АГТС күзету аймағында кез келген жұмыстарды және әрекеттерді орындау қажеттілігі туындағанда, ұйымдар және азаматтар мыналарға міндетті:
– «Интергаз Орталық Азия» АҚ «Тараз» МГҚБ филиалынан магистральдық құбырларды күзету аймағында жұмыстарды жүргізу үшін жазбаша рұқсат алуға міндетті. Жұмыстарды жүргізуге рұқсат тек қана жұмысты жүргізушіде қолданыстағы құбырлар мен байланыс желілері көрсетілген жобалық және атқарушылық құжаттама болған жағдайда ғана беріледі;
– 5 тәуліктен кешіктірмей «Интергаз Орталық Азия» АҚ «Тараз» МГҚБ филиалы өкілдерінің қатысуы қажет етілетін жұмыстарды жүргізу уақыты туралы хабарлауға;
– жұмыстарды құбырдың, МГҚ құрамына кіретін технологиялық байланыс желілері мен құрылыстарының, телемеханиканың және электр желілерінің және айыру белгілерінің сақталуын қамтамасыз етіп орындауға міндетті.
«Интергаз Орталық Азия» АҚ «Тараз» МГҚБ филиалы магистральдық құбыр және телекоммуникация желілерін күзету қағидаларын, сондай-ақ күзету аймағында жұмыстарды жүргізуге берілген рұқсатта көрсетілген талаптарды бұзумен орындалатын жұмыстарды тоқтатуға құқылы.
Магистральдық құбыр туралы Заң талаптарын, магистральдық құбырларды, телекоммуникация желілерін және электр желілерін күзету қағидаларын сақтау жергілікті билік және басқару органдарының, сондай-ақ құбыр желілері өтетін ауданда жұмыстарды немесе қандай да бір әрекеттерді жүргізетін өзге де кәсіпорындардың орындауы үшін міндетті болып табылады.
Баяндалған талаптарды, қағидаларды, заңды бұзуда кінәлі лауазымды тұлғалар мен азаматтар белгіленген тәртіпте жауапкершілікке тартылады.
Жоғарыда жазылғандарға қатысты барлық мәселелер жөнінде мына мекенжайға хабарласу керек:
«Интергаз Орталық Азия» АҚ «Тараз» МГҚБ
Тараз қаласы, Қолбасшы Қойгелді көшесі, 177 үй.
Телефон: диспетчерлік қызмет -8(7262)51-00-42 (тәулік бойы).
Жамбыл ауданы, Тараз ЖӨБ:
Телефон: байланыс торабының операторы -8(7262)42-72-42, 8(7262)42-72-31.
«Интергаз Орталық Азия» АҚ «Тараз» МГҚБ