El іshі

Дені сау бала – ұлт болашағы

Кез келген ауру – ол уайым, ал бала ауырғанда – ол екі есе уайым. Туберкулез не үлкенді, не баланы аямайды.
Барлығына белгілі аурудың қоздырғышы – Кох таяқшасы. Ғалымдар оны 1982 жылы анықтаған болатын. Осы жылға дейін медицина бір орында тұрған емес, туберкулезге қарсы көптеген жаңа препараттар анықталуда. Балалар мен жасөспірімдердегі ерте анықталған туберкулездің алдын алу және емдеу жұмыстары аталған аурумен күрес кешенді жоспарының маңызды бөлімдерінің бірі болып табылады. Осының барлығына қарамастан, бұл аурды жеңуге болады.
Дамудың бастапқы кезеңінде бала кезінен бұл ауруды емдеу аса көп қиындықты тудырмайды. Бірақ кез келген ауруды емдегеннен, алдын алған анағұрлым жеңіл. Осы ретте баланы туберкулезден сақтап қалуға бірнеше әдістер бар. Ол – БЦЖ вакцинациясы. БЦЖ вакцинациясын француз ғалымдары А.Кальмет пен К.Герен дайындаған. Бірінші вакцинация жаңа туған нәрестеге 1921 жылы Францияда жасалған.
БЦЖ вакцинасының көмегімен көптеген елдерде балалар туберкулезі ерте ескеріле бастады. Осы уақытқа дейін БЦЖ вакцинасына ұқсас препарат болмады және ол туберкулездің спецификалық алдын алудың бірден-бір препараты болып табылады. Айта кету керек, әр елде вакцинаның өз имундық реактогендігі бойынша ерекшеленеді.
БЦЖ вакцині бірінші рет өмірлерінің 1-4 күндерінде перзентханада, сонан соң 6-7 жасында салынады. БЦЖ вакцині баланың ауруын 100% қорғап қалуы мүмкін емес, бірақ тиімді вакцинация жасалған балалар (сол жақ иығында жолағы бар) ауруға сирек шалдығады, егер туберкулезбен ауырған жағдайда, жеңіл болады. Бала ағзасы әсіресе жұқпалы ауруларға шалдыққыш келеді, ондай аурудың бірі туберкулез ауруы. Жұқпаға қарсы екпе біздің өміріміздегі алғашқы құбылыс болды. Бірақ өкінішке орай, Шығыс Қазақстан облысында, әсіресе Өскемен қаласында жаңа туылған нәрестелердің ата-аналарының БЦЖ вакцинасынан бас тартулары жиілеп кетті. Ондай шешімді қабылдауда, мынаны есте сақтау керек, туберкулезден ешкім сақтандырылмаған, әсіресе қорғансыз бала.
БЦЖ вакцинін қабылдаудың нәтижесінде балалардың туберкулезден өлімі әсіресе ерте жастағы балалардың өлімі жоқтың қасы.
Негізінде бүгінгі таңда туберкулезбен ауырып және туберкулезден қайтыс болатындар – балалардың жаңа туылған нәресте кезінде БЦЖ егілмегендері. Бұл екпе не үшін керек? Неге, барлығының егілгеніне қарамастан, көпшілігі туберкулезбен ауырады.
БЦЖ екпесі балалардағы туберкулездің алдын алу үшін керек. Ол туберкулезді қоздырғыш жұқпасынан қорғай алмайды, бірақ ол расында жасырын жұқпаның анық ауруға айналуынан қорғайды (егілгендердің шамамен 70 пайызы) және 100 пайыз балаларды туберкулездің ауыр түрінен, ауыр туберкулез менингитінен қорғайды.
БЦЖ вакцинасы туралы интернетте көптеген аурудың асқынуы, зардаптары туралы әртүрлі өтірік, өсек әңгімелер жүр. Оларды естіп кейбір ата-аналар жақсылап басын ашпай, вакцинациядан бас тарту туралы өздеріне жауапкершілік алады.
Бүгінгі күні аса өзекті мәселе БЦЖ екпесінде не көп: сәбилерге пайдасы ма әлде, зияны ма? Бұл ретте мынандай артықшылықтарын атап өтуге болады:
-аурудың ең аз мөлшердегі зардабын;
-инъекция салған орнына ешқандай қиыншылықтың болмауы: ата-аналардың жиі қоятын сұрақтары, дымдауға бола ма? -иә, бірақ еш жақпа маймен майлауға және тырнауға болмайды;
-жұқтырған жағдайда аурудың неғұрлым жеңіл түрімен өтуіне мүмкіндік болады;
-туберкулез кезінде өлімге жол бермейді.
Егер бұл вакцинацияның осыншама жағымды жақтары болса, онда неге көптеген жағымсыз пікірлер берілуде? Бұның өз себептері бар.
-БЦЖ вакцинін дұрыс жіберілмегенде немесе қарсы көрсеткіштердің сақталмауынан жіберудегі жанама реакциялар;
-сирек кездесетін жағдайлар – инъекция орындарының баяу жазылуы: барлық ата-аналар білулері тиісті қаншалықты ұзақ жазылатынын.
Бірақ, қымбатты ата-аналар, естеріңізде болсын, 1921 жылы ашылған, содан бері қолданылып келе жатқан БЦЖ вакцинінің әлемде теңдесі жоқ. Туберкулезден сақтанудың бұдан басқа неғұрлым пәрменді тәсілдері жоқ. Сондықтан ата-аналар екпеден бас тарту арқылы жаңа ғана дүниеге келген кішкентай сәбидің тағдырын шешуде қарапайым емес шешім қабылдайды.

Қалижан ӘМІРЕЕВ,
аудандық орталық аурухананың фтизиопедиатр дәрігері

Таңдаулы материалдар

Close