El іshі

«Жаңа өмірге» жазылайық, ағайын!

Газетіміз бұл – «Жаңа өмір» көзкөрген,
Баршамызға төрт бетінен сөз берген.
Кемпірқосақ кейпіменен түрленіп,
Айтары да айшықтана өзгерген,
«Жаңа өмірге» жазылайық, ағайын!

Саясы да жапырақтай жаз күнгі,
Сөз саптасы мағыналы, мазмұнды.
Бос жібермей дөңгеленген науқанын,
Пайдаланып мүмкіндікті аз күнгі,
«Жаңа өмірге» жазылайық, ағайын!

Жазылсаңдар – жатырқамас ол сені,
Жақсы газет – аталы ойдың бөлшегі.
Жақсы газет – баталы ойдың жалғасы,
Кейбір сәтте өмірдің де өлшемі,
«Жаңа өмірге» жазылайық, ағайын!

Қозғал, қане, беделіңмен белсеніп,
Одан әрмен тани түссін ел сені.
Серпіл, күшей, қанатынды жай кеңге,
Әрбір аула «мені оқыр, деп», кел сеніп…

Бұл газетім кімге болса шарайна,
Келбетіңді көріп тұрсың, жарай ма.
Сен де оқырман қарап қалмай тездетші,
Жазылғандай «Ақ жол» менен «Ар-Айға»,
«Жаңа өмірге» жазылайық, ағайын!

Аямастан рухани жәрдемін,
Елге арнаған бар тынысын, бар демін.
Ауық-ауық ала қойып сәл демін,
Маңайыңа тағы қойған дәл денін,
«Жаңа өмірге» жазылайық, ағайын!

Әрбір саны шыққан еңбек, терменен,
Әр нөмірін жорналшысы зерлеген.
Сол себепті жан жоқ шығар ауданда,
«Жаңа өмірдің» бетін ашып көрмеген,
«Жаңа өмірге» жазылайық, ағайын!

Ілияс Ахметов,
ақын.
Жуалы ауданының Құрметті азаматы,
Шақпақата ауылы

Таңдаулы материалдар

Close