Basty bet

Ең төменгі жалақы мөлшері кімдерге тиесілі?

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен жарияланған төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөнінде халықтың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларына да баса назар аударылып отыр. Бұл туралы күні кеше ғана Президент халыққа арнайы мәлімдеме жасап, төтенше жағдай кезінде әлеуметтік көмектердің аясын одан әрі кеңейтуді Үкіметке мықтап тапсырған болатын. Осы орайда, ел Президентінің мемлекеттік комиссияның 2020 жылғы 23 наурыздағы отырысында берген тапсырмаларын жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2020 жылғы 25 наурыздағы №109 бұйрығына сәйкес, аудан әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде азаматтардың жекелеген санаттарын азық-түлік және тұрмыстық жиынтықтармен қамтамасыз ету бойынша бүгінгі таңда 2020 жылдың І тоқсанында атаулы әлеуметтік көмек алушы 451 отбасының 6 жастан 18 жасқа дейінгі аралығындағы 1017 баласына 5 млн 743,0 мың теңге төленді, яғни әр балаға 5647 теңгеден 2 айлық есептік көрсеткіштен (АЕК) кем емес есепте берілді.

Сондай-ақ, 2020 жылдың ІІ тоқсанына атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткерлер үшін аудан әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығында төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты «Электрондық үкімет» порталының «Электрондық өтініштер» сервисі арқылы қызмет көрсетіледі. Ал, І тоқсандағы АӘК алушы аз қамтылған отбасылар ІІ тоқсанға АӘК тағайындауға қайталап өтінішпен жүгінудің қажеттілігі жоқ. Барлық мәліметтерді Халықты жұмыспен қамту орталығының мамандары басқа мемлекеттік органдарға сұрау салу арқылы электрондық түрде алады. Сауалдар туындаған кезде мамандар қызмет алушы азаматтармен телефон байланысы арқылы хабарласып, мәліметтерді нақтылайды. Қабылданған шешім жөнінде ХҚКО-ның маманы қызмет алушының «Электрондық үкімет» порталындағы жеке кабинетіне жауап жолдайды.
Биылғы жылғы мемлекеттік атаулы көмек туралы заңы табысы аз отбасылардан шыққан балаларға кепілді әлеуметтік топтаманы енгізумен кеңейтілді. Ол 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды тамақпен, гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету бойынша қаңтар айына атаулы әлеуметтік көмек тағайындалған отбасыларының 1 жастан 6 жасқа дейінгі 434 балаларына 19 тамақ түрлерінен жинақталған әлеуметтік пакеттер толығымен үлестірілді. Ағымдағы айда ақпан және наурыз айларына берілетін әлеуметтік пакеттер АӘК алушы отбасыларының 1-6 жастағы 541 балаларына толығымен беріледі.
Мемлекет басшысының тапсырмасымен төтенше жағдай режимінде азаматтардың келесі санатынан республика көлемінде 500 мың адам азық-түлік және тұрмыстық жиынтықтармен қамтамасыз ету, яғни АӘК алушы отбасыларындағы 6 жастан 18 жасқа дейінгі балалар, ал, АӘК алушы отбасылардағы ересектер тек қана карантин аймағында тұратындарға ғана көрсетілетін болады. Сонымен қатар, мұндай көмекті барлық жастағы І және ІІ топтағы мүмкіндігі шектеулі жандар, бала күтімімен айналысатын карантин аймағында тұратын ата-аналар ала алады. Сондықтан, бүгінгі таңда бұл санаттағы азаматтар демеушілер тарапынан азық-түлікпен қамтылуда. Ауданда «Nur Otan» партиясының аудандық филиалы гуманитарлық көмекті үйлестіру жөніндегі жұмыстарды қолға алып, «Біз біргеміз!» қорынан, сонымен бірге, мемлекеттік органдардың қызметкерлері тарапынан 150-ге жуық аз қамтылған отбасыларға азық-түлік жеткізілді.
Қорғаныс құралдарымен (антисептиктер, маскалар, медициналық қолғаптар) қамтамасыз ету Денсаулық сақтау министрлігі және денсаулық сақтау басқармасы арқылы жүзеге асырылады. Бүгінгі таңда аудан әкімдігінің ұйымдастыруымен 446 атаулы әлеуметтік көмек алушы аз қамтылған және көпбалалы отбасыларының 2439 адамына қорғаныш бетперделер тегін жеткізіліп берілді.
Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев халыққа жасаған мәлімдемесінде төтенше жағдай режимі аяқталғанша, табысынан айырылған азаматтарға ай сайын 42 500 теңге төлеуге тапсырма берілгенін де айтты. Бүгінгі күнгі Президенттің мәлімдемесіне сәйкес, алдын ала есептеу жүргізу нәтижесінде, бұл көмекпен шамамен 3 миллион қазақстандық азамат қамтылады деген жоспар бар. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2020 жылғы 26 наурыздағы №110 бұйрығының жобасына сәйкес, бүгінгі таңда аудандағы жұмыс берушілерден яғни, шағын және орта, микробизнес субъектілерінің қызметкерлері, жеке кәсіпкерліктерден жалақысы сақталмайтын жұмысшылардың тізімі нақтылануда.
Бүгінгі таңда төтенше жағдай кезінде табысынан айырылған азаматтарға мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан берілетін жаңа әлеуметтік төлемді (42500 теңге) алу тізімі кеңейтіліп, тағайындау шарттары жеңілдетіліп төлем алушылардың аясы кеңейтіліп отыр.
Әлеуметтік төлемдерді тағайындау үшін жұмыс берушілер өтінішті тек қызметкерлердің тізімімен қоса беруі керек. Жеке кәсіпкерлер (ЖК) және бірыңғай жиынтық төлем (БЖТ) төлеушілер жеке деректерді көрсете отырып, тек онлайн өтініш бере алады. Сонымен қатар, бұл қолдауға өзін-өзі жұмыспен қамтығандар мен ресми тіркелмей жұмыс істейтіндер де ие болады деп күтілуде. Сондай-ақ, қызметкер жұмыс берушіні күтпей-ақ өтінішті өзі бере алады. Өтініш «Электрондық үкімет» веб-порталында «Электрондық өтініш» сервисі арқылы электрондық форматта беріледі.
Егер қызметкер мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына соңғы 12 айда кемінде бір рет әлеуметтік аударымдар жасаған болса, әлеуметтік төлемдер тағайындауға жеткілікті. Төлемді алғысы келетін үміткер азаматтарға әлеуметтік аударымдар немесе зейнетақы жарналарының бар-жоғын дәлелдеудің қажеті жоқ. Бұл автоматты түрде «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» тарапынан тексеріледі. Электрондық форматта халықты жұмыспен қамту орталығына түскен өтініштер негізінде бүгінгі таңда құрылған халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі аудандық штаб жұмыс берушіге бір күннің ішінде әлеуметтік қолдау көрсету туралы шешім қабылдайды және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының аудандық бөліміне жібереді. Олар өз кезегінде Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры төлемдер беретін жұмыскерлер тізімін анықтап, екі күннің ішінде құжаттардың толықтығы тексеріліп, электрондық іс макетін (ЭІМ) дайындап, Мемлекеттік корпорация филиалына жібереді. Мемлекеттік корпорация филиалы бір күн ішінде құжаттарды қарап, әлеуметтік төлем тағайындалғаны немесе тағайындаудан бас тарту туралы шешім қабылданады және Қор филиалына беріліп, әлеуметтік төлемдер өтініш берушілердің есепшоттарына аударылады.
Жанна Махмудова,
аудан әкімдігі жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің әлеуметтік көмек көрсету
секторының меңгерушісі

Таңдаулы материалдар

Close