Basty bet
Ескертуді елемей, айыппұл арқалады
Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 15-ші наурыздағы №285 Жарлығының талаптарымен Жамбыл облысының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Ғ.Надуевтің 30.03.2020 жылғы Жамбыл облысы аумағында шектеу шараларын енгізу туралы №3 қаулысымен және 02.04.2020 жылы өзгерістер енгізу туралы қаулысын орындау мақсатында ауданда бірқатар жұмыстар атқарылуда. Ағымдағы жылдың сәуір айының 1-і мен 2-сі аралығында Жуалы ауданы прокурорының бастамасымен аудандық полиция бөлімінің қызметкерлерімен бірігіп аудан аумағында шектеу шараларын сақтамаған бірқатар азаматтарға әкімшілік құқықбұзушылық деректері бойынша хаттама толтырылды.
Аудан аумағында орналасқан мейрамхана және кафе, монша, шаштараз-сән салондары, дүкендер тексеріліп, Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 476-бабымен, яғни «Төтенше жағдай режимін бұзу» бойынша төмендегі әкімшілік құқықбұзушық жасаған азаматтар мен азаматшаларға хаттамалар толтырылды.
01.04.2020 жылы Б.Момышұлы ауылы Б.Үсенов көшесі №33/а мекенжайда орналасқан «Меруерт» дүкенінің иесіне ҚР ӘҚБтК 476-бабы бойынша хаттама толтырылды. Б.Момышұлы ауылы М.Мәметова көшесі №2/г мекенжайда орналасқан «Шер-Али» дүкенінің иесіне де ҚР ӘҚБтК 476-бабы бойынша хаттама толтырылды.
Б.Момышұлы ауылы, М.Мәметова көшесі №8 мекенжайда орналасқан «Жалғас» дүкенінің иесіне ҚР ӘҚБтК 476 бабы бойынша хаттама толтырылды. 02.04.2020 жылы Б.Момышұлы ауылы Рысбек батыр көшесі №20 мекенжайда орналасқан «Лиза» дүкенінің иесіне де ҚР ӘҚБтК 476-бабы бойынша хаттама толтырылды. Сонымен бірге, аталған дүкендердің иелеріне Жуалы аудандық сотының қаулысымен 10 АЕК (айлық есептік көрсеткіш) мөлшерінде айыппұл салынған.
Бауыржан Жанұзақұлы,
Жуалы ауданының прокуроры.
Әділет кеңесшісі