Basty bet

Ең бастысы – ел қауіпсіздігі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың елімізде енгізілген төтенше жағдайға байланысты «Әскери міндеттілерді арнаулы жиындарға шақыру туралы» Жарлығы шықты. Ондағы мақсат – халықтың денсаулығын, қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Дәл еліміздің бүгінгідей жағдайында бұл орынды шешім.
Бұл жерде алаңдап, бөтен ой ойлауға еш негіз жоқ. Себебі, біріншіден шақырылған азаматтар басқа өңірге жіберілмейді. Өзінің аудан, облыс аумағында қызмет етеді. Яғни, төтенше жағдайға байланысты қабылданған шаралардың іске асырылуына үлес қосады.
Шақырылған азамат егер жұмыссыз болса, оған ең төменгі жалақы мөлшері төленеді. Жұмыс істейтін болса, алып жүрген жалақысы төленеді, жұмыс орны сақталады.
Сонымен бірге, өз еркімен барғандарға басымдық беріледі. Бұл ер азаматтарымыздың рухының биіктігі, Отанына деген шынайы сүйіспеншілігі, жанашырлық сезімі сыналатын сәт. Отанды қорғау – ер азаматтың парызы, міндеті. Сондықтан бұл жауапты іске азаматтарымыз ерекше белсенділікпен үлес қосады деп ойлаймын.

Уәлихан Сәулембаев,
ҚР Қарулы Күштерінің ардагері

Таңдаулы материалдар

Close