Basty bet
Төтенше жағдай режимін бұзғаны үшін
Қазақстан Республикасының Президенті 15.03.2020ж. республика аумағына пандемия кезеңінде короновирустық инфекцияның әкелінуі мен таралуына жол бермеу мақсатында төтенше жағдай жариялады.
Осыған орай, төтенше жағдай режимін бұзғаны үшін, жауапкершілік қарастырылған.
Атап айтқанда, Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 476-бабында төтенше жағдайдың жариялануына байланысты мемлекеттік орган белгілеген режимді бұзу немесе талаптарды орындамау, сондай-ақ жергілікті жер комендантының заңды бұйрықтары мен өкімдерін орындамау үшін – ескерту немесе он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не он бес тәулікке дейін қамаққа алу қарастырылса, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 379-бабында, төтенше жағдай жарияланған жерде билік өкілінің заңды талабына немесе өкіміне бағынбау- екі мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не алты жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыру туралы жазалар қарастырылған. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің мына баптарында көрсетілген құқықбұзушылықтар жасалынған жағдайда, қылмыстық жауаптылықты ауырлататын мән-жайлар қарастырылған.
Қылмыстық Кодекстің 274-бабы 4-бөлігі 2-тармағы (көрінеу жалған ақпарат тарату), 380-бабы 3-бөлігі 9-тармағы (билік өкіліне қатысты күш қолдану), 380-1 бабы 2-бөлігі 10-тармағы (құқық қорғау органы, арнаулы мемлекеттік орган қызметкерінің, әскери қызметшінің өміріне қолсұғушылық), 437-бабы 3-бөлігі (бұйрыққа бағынбау), 438-бабы 3-бөлігі (басшыға қарсылық көрсету немесе оны қызметтік міндеттерін бұзуға мәжбүрлеу), 449-бабы 3-бөлігі (қоғамдық тәртіпті сақтау және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі қызмет атқару қағидаларын бұзу).
Аталған қылмыстардың үшеуі (ҚК 274-бабы 4-бөлігі 2-тармағы, 380-бабы 3-бөлігі 9-тармағы, 449бабы 3 бөлігі) ауыр қылмыстар санатына жатады және 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген. Үшеуі (380-1 бабы 2-бөлігі 10-тармағы, 437- бабы 3-бөлігі,438-бабы 3-бөлігі) аса ауыр қылмыстар санатына жатқызылған және 10 жылдан 20 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.
Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінің 54-бабы 1-бөлігі 11-тармағының талабына сәйкес, «төтенше жағдай, төтенше ахуал кезінде, сондай-ақ жаппай тәртiпсіздіктер барысында қылмыстық құқық бұзушылық жасау», қылмыстық жауаптылық пен жазаны ауырлататын мән-жайлар деп танылады.
Осыған орай Қазақстан Республикасының «Прокуратура туралы» Заңының 32-бабына сәйкес Жуалы ауданының прокуратурасы келесі заң талаптарын түсіндіреді:
Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 22.03.2020 жылғы №26-ПГВр «Қазақстан Республикасы Президентінің «ҚР төтенше жағдай енгізу» туралы Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасы халқының қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары жөніндегі қаулысының 2-бөлігі 4-тармағы 2, 3-тармақшаларына сәйкес:
-халық көп шоғырланатын (мерекелік, спорттық, мәдени іс-шаралар, конференция, семинар, көрмелер) іс-шараларды ұйымдастыруға тыйым салынды.
-кинотеатр, фитнес, жаттығу орталықтары, түнгі клуб, мектептен тыс қосымша білім беру ұйымдары (дамыту және білім беру орталықтары, үйірмелер, факультативтер және т.б.), компьютер клубтары, спорт комплекстерінің (үйірмелер, секциялар және т.б.) жұмысы тоқтатылды.
Жамбыл облысының Бас Мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 30.03.2020 жылғы №3 қаулысының 2- бөлігі 2.1-2.4-тармақтарына сәйкес:
-барлық мемлекеттік және жеке меншік балабақшалардың сауда орталықтарының (ондағы азық-түлік дүкендері мен дәріханаларды қоспағанда), саябақтар мен скверлердің, зоомагазиндердің, монша кешендерінің (оның ішінде жекеленген кабинкаларды қоспағанда), санаторий-курорттық объектілердің, сұлулық салондарының, шаштараз, сауна мен массаж кабинеттерінің, бильярд залдарының, компьютерлік, интернет-клубтардың, ойын залдарының боулинг орталықтардың, букмекерлік кеңселердің, лото, спорт кешендерінің (үйірмелер, секциялар), футбол алаңдарының балаларды дамыту орталықтарының және жаппай жиналатын басқа да объектілердің; азық-түлік тауарларының жәрмеңкелері; үйлену салондары, көлікжуу орындары, салтанат залдары; жеткізу арқылы тауарларды өткізу мүмкіндігін сақтай отырып, ұялы телефондарды сату және жөндеу дүкендері мекемелердің қызметі тоқтатылды.
-санитарлық-дезинфекциялық режимде міндетті түрде сақтай отырып, бөлшек сауда азық-түлік базарларының жұмыс уақыты сағат 10.00-ден 17.00-ге дейін шектелді (күніне екі рет дезинфекциялық іс-шаралар өткізу, антисептиктері бар санитайзерлер орнату).
-көтерме азық-түлік қоймалары мен базарлар, супермаркеттер, азық-түлік сауда орындары, үйдегі дүкендер дәріханалар қалыпты режимде жұмысын жалғастырады.
-қоғамдық тамақтану объектілеріне (кафе, мейрамханалар, барлар, асханалар және басқалар), азаматттардың осындай объектілердің үй жайларына бармай тапсырыстарды шығаруға және жеткізуге әдеттегі режимде қызмет көрсетуді қоспағанда, жұмысы тоқтады.
-азық-түлікті, бірінші кезекте қажетті заттарды, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сатып алуды, медициналық көмекке жүгінуді, сондай-ақ күтпеген ТЖ және адамның өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін басқа да жағдайларды қоспағанда, аса қажетсіз тұрғын үйден шығу шектелді.
-отбасы мүшелерін қоспағанда, үш адамнан аспайтын топтармен жүруі шектелді.
Жуалы ауданының прокуратурасы