Basty bet

Мейірімді болайықшы, бауырлар!

Жомарттық, кеңпейілділік қазақ халқының асыл қасиеттері болып саналады. Жомарттық жасау – өзіңде барды жоқ адаммен шын жүректен бөлісу. «Жылуы жоқ үйден без, қайырымы жоқ биден без»,- демекші, қайырымдылық, адамгершілікті биік ұстап, кісілікті ту етіп, достық пейілдерін танытуға үлес қосуға Күреңбел ауылдық округінің белсенді азаматтары да атсалысып келеді. Республикалық «Біз біргеміз!» қайырымдылық акциясы жалғасын таба білді. Акцияның басты мақсаты – көпбалалы отбасылар және тұрмысы төмен отбасылар және басқа санаттағы көмекке мұқтаж жандарға әлеуметтік көмек пен қолдау көрсетуге бағытталған.
Осы орайда әлемді шарпыған COVID-19 дертінің таралуына байланысты қауіпті індетті ауылдық округ аумағында болдырмауға және алдын алуға бағытталған қайырымдылық іс-шарасы ұйымдастырылды. Аталған шара ағымдағы жылдың сәуір айының 5 жұлдызы күні ауыл ақсақалдарының батасымен басталды.
Ауылымыздың белсенді азаматтары мен жеке кәсіпкерлердің демеушілігімен 40 отбасына азық-түліктей және сұраныстарына қарай қаржылай көмек көрсетілді. Атап айтар болсақ, әр отбасыға 1 қаптан ұн, күріш, күнбағыс майы, макарон, құмшекер, шәй және отбасы мүшелерінің санына қарай 14 отбасыға қосымша бес келіден қой еті үлестіріліп берілді. Сонымен қатар, 300 данадан астам қорғаныш бетперделері таратылды. Игі шараға ауылдың 35 азаматы демеушілік көрсетіп, жалпы 700 мың теңгенің көмегі көрсетілді. Осындай қиын-қыстау кезеңде игі шараның басы-қасында жүрген Бекдана Зәуірбеков мен Сәулембек Көмекбаев сынды азаматтарға ауыл тұрғындарының атынан алғысымызды білдіреміз.

Күреңбел ауылдық
округі әкімінің аппараты

Таңдаулы материалдар

Check Also

Close
Close