Basty bet
Конституция – ең маңызды құжат
Конституциямызда мемлекеттің барлық құрылымдарының, жеке азаматтардың, ұлт пен ұлыстардың, әлеуметтік топтардың мақсаттары, міндеттері, құқықтары көрсетіледі.
Конституция бұл күнде біздің барлық жарқын істеріміздің қайнар бастауына айналған. Осыдан 25 жыл бұрын қабылданған Ата Заңымызда осының бәрі қамтылған.
Біздің ауылдық округте жергілікті тұрғындармен бірге өзге ұлт өкілдері де тату-тәтті өмір сүруде.
Ауылдықтардың негізгі кәсібі – мал және егін шаруашылығы. Жеке кәсіпкерлікпен айналысатын жандар да бар.
Өздеріңіз білесіздер, өткен жылы «Қарапайым заттар экономикасы» пилоттық жобасы аясында ауылдық округтен «Атамекен-Бастау» өндірістік кооперативі құрылып, халық төмен пайызбен несие алып, еңбек етуде.
Жобаның мақсаты – әр отбасының жағдайын көтеру болатын. Нәтижесі жаман болмайды деп ойлаймын. Себебі, барлығы өнімдерін жинауда, малдары төлдеуде.
Ауылдық округтегі мектеп, балабақша, медициналық мекемелерде түрлі ұлт өкілдері жұмыс істейді. Балаларымыз да бірге білім алуда. Барлығы бірдей еліміздің өркендеуі жолында өз еңбектерін сіңіруде.
Міне, мұның бәрі Ата Заңымыздың аясында жүзеге асырылуда.
Конституциямыздың 25 жылдығы құтты болсын! Елімізде тынымды тірлік, баянды бірлік болсын!
Арабхан Заппаров,
Ақтөбе ауылдық округінің әкімі