El іshі

Ауылдан жеткен ақпарат 1

Ақтөбе
Ауылдық округте көктемгі дала жұмыстары қарқын алуда. Алқаптағы жергілікті диқандар жоспарлы межені дер кезінде орындап, алдағы уақытта жоғары өнім алу, қамбаларын мол астыққа толтыру мақсатында тынбай еңбек етуде.
Жалпы округте 1425 гектарға жаздық арпа егу жоспарланып, бүгінгі күнде ол жұмыстар 100 пайызға орындалған. Ал, таза жоңышқаны 174 гектарға себу межеленсе, бүгінгі күні алқапта 88 гектарға таза жоңышқа себілді. Ауылдық округтегі көктемгі дала жұмыстарына 35 ауыл шаруашылығы техникасы жұмылдырылуда.

Билікөл
Ауылдық округте биылғы жылы екі саябақ бой көтеріп, көктемгі абаттандыру, тал егу және қоршау жұмыстары жүргізілді. Атап айтқанда, жалпы алаңы 1700 м2 құрайтын алаңға көгал (газон) себіліп, барлығы 2800 түп түрлі тал-дарақ отырғызылды. Алдағы уақытта отырғызылған ағаштар өніп-өссе, ауылдың көркіне сән беретін болады.

Жетітөбе
Қазақ халқы мейірімді әрі қайырымды халық. Айналасындағы мұқтаж жандарға қолдарыннан келгенше көмек қолын соза біледі. Дәл осы үрдіс елімізде болып жатқан карантин режімінде көрініс табуда. Ең бастысы, халқымыздың денінің саулығы мен амандығы. Осы ретте, ауылдық округке қарасты елді мекендердегі беделді азаматтар жиналып, сауапты іс жасауға жұмылды. Жаны жомарт жандардан жиналған қаржыға тұрмыс жағдайы төмен, көпбалалы 11 отбасына 10 400 теңгенің азық-түлік себеттері беріліп, 600 адамға медициналық маска тігілуде. Алдағы уақытта округте мұндай қайырымдылық акциясы жалғасын табатын болады.

Шақпақ
Ауылдық округ әкімі аппаратының бастамасымен және Шақпақата ауылындағы дүкен иелерінің қолдауымен «Біз біргеміз!» қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды. Акция аясында ортақ күш-жігердің арқасында ауылдық округтегі сегіз жанұяға қолдау көрсетілді. Қайырымдылық шарасына қатысқан жаны жомарт жандар осындай сын сағаттарда бірлігімізді, жомарттығымызды таныту – нағыз азаматтықтың белгісі деп есептейді.

Айгүл Қалымханқызы,
«Жаңа өмір»

Таңдаулы материалдар

Close