Basty bet

Сабырмен, тәртіппен ғана жеңеміз

Өткен аптада Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Төтенше жағдай режімін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның кезекті отырысы өтті. Отырыста Мемлекет басшысы елімізде бүгінгі таңда нақты қандай шаралар іске асырылып жатқанын, бүгінгі елдегі ахуал мен алдағы атқарылатын жағдайларды айтты. Сонымен бірге елімізде жарияланған төтенше жағдай сәуір айының соңына дейін жалғасатынын жеткізді.
Барлық мәселелер назардан тыс қалған жоқ. Әрине, бірінші кезекте халықтың денсаулығы, қауіпсіздігі, әлеуметтік жағдайы тұрады.
«Мемлекеттік комиссия аймақтағы карантин шараларының орындалуын қатаң бақылауға алуға тиіс.
Бұл ретте полиция мен мемлекеттік органдардың іс-қимылдары тек қатаң шаралар түрінде емес, орынды әрі ақылға қонымды болуы қажет. Жөнсіз әрекеттерге жол берілмеуі керек.
Карантин кезінде біз азаматтардан үйде отыруларын талап етеміз. Түсінемін, бұл жағдай оңай емес. Әрі десе біздің өмірімізде мұндай жағдай болған емес. Алайда бұдан шығар басқа жол жоқ»,- деді Президент. Әрине, әлемді дүрліктіріп, алаңдатып отырған індеттен арылудың басқа жолы жоқ. Сабырмен, тәртіппен ғана жеңеміз.
Елімізде халықтың жағдайы жіті назарда. Халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін барынша жағдай жасалуда.
Дәл бүгінгідей қиын сәтте заман талабына сай Елбасының цифрландыруға қатысты саясатының дер кезінде жүзеге асқаны көп көмегін тигізіп отыр. Шешімі табылмай жатқан кейбір мәселелер бар. Алайда оған түсіністікпен қарауымыз керек. Барлығы ретімен шешілуде. Үкімет барынша тырысуда. Дәл қазір біз үшін ең бастысы, халықтың амандығы.
«Қиындық біреуді ширатады, біреуді жүдетеді» деген. Біздің халық Президентіміз айтқандай, ширап, жаңа кезеңге бейімделіп шығады деген сенімдемін.

Гүлнар Мұсаханова,
аудандық мәслихаттың депутаты.
«Орталық» бастауыш
партия ұйымының төрайымы

Таңдаулы материалдар

Close