Basty bet

Ахмет Ясауидің нақыл сөздері

Не көрсең де, Тәңірдің ісі;
Ғайбат айтып, әлдекімдерді тілдеу – надандық;
Арыңды сақта, болсаң да малға кедей;
Жан жылуын өшірме;
Мұратқа жолын тапқан жетеді;
Уа, дариға, арманмен өтер өмір;
Білінбесін мінезіңнің кілтіңі;
Жамандық ойлама, қиын да болса, түзу жолмен жүр;
Бос үмітке алданба;
Ғашықтық жолы – ауыр жол;
Өзім болдым демегейсің;
Ұстазыңа бар ықылас-ниетіңмен қызмет қыл;
Ұстазына қызмет қылмаған – надандық;
Ойдағың оңай орындала бермейді;
Өтірікшінің арты – тозақ;
Жалған сөйлеген имансыз қалады;
Ғашықпын деп көп ішінде кеуде қақпа;
Құр қалғанда Алла да құп көрмейді;
Нақақ жалаға қол қойған қазы, имамдар өздері шығарған үкімдердің астында қалады;
Арам жеген әкімдер, параға құныққандар өкініш отына өртенеді;
Таңдап тәтті жегендер де, атлас-қамқа кигендер де, алтын таққа мінгендер де бір күні жермен-жексен болады;
Көңілі көзсіз кәззаптардан сақтасын;
Бар ықылымнан таппадым таза жанды;
Білімнен бейхабарлар Алланы да білмейді;
Дінсіз жанда иман жоқ;
Бұл заманның бос кеуде шайқалары, жиырма беске жетпей-ақ сарқылады;
Парықсыздар өздері жақсы-жаманның не екенін білмей жатып, мәнсіз біреулерді жер-көкке сыйғызбай мақтайды.

Таңдаулы материалдар

Close