Basty bet
Шектеу шаралары күшейтілді
– Медициналық себептер бойынша іссапарға баратын қызметкерлерді қоспағанда, облыс орталықтарының, аудандардың қалалардың, ауылдық елді мекендердің аумағынан тұрғындардың шығуына және кіруіне тыйым салынады, сондай-ақ ауруханаларда емделіп жатқан адамдардың дәрігердің рұқсатынсыз ауруханадан шығуына тыйым салынады;
– Әуежайдың, теміржол вокзалының, автобус және автобекеттердің қызметін тоқтата тұру, қалааралық, ауданаралық автобус қызметтерін, сондай-ақ, жеке көлікті пайдалануға тыйым салынады;
– Екінші деңгейдегі банктердің, «Қазпочта» АҚ бөлімшелерінің, айырбастау пунктерінің қызметін онлайн режімде жұмыс істеуге және «клиенттерге жеткізу» қағидаты бойынша ауыстыра отырып, тоқтата тұру;
– Меншік түріне қарамастан балабақшалар, т.б қызмет көрсету нысандарының қызметі тоқтатылады;
– Жәрмеңкелер, азық-түлік базарлары, киім-кешек, автокөлік, мал базарлары, тағы да басқа адам көп жиналатын нысандардың жұмысы уақытша тоқтатылады;
– Қоғамдық көліктердің қозғалысы уақытша тоқтатылады;
Ауылдық округ және ауылішілік қозғалысқа шектеу қойылады;
– Тіршілікті қамтамасыз ету ұйымдарын қоспағанда, барлық кәсіпорындар жұмысын уақытша тоқтатады.
– Діни мақсаттағы ұйымдар жұмысын уақытша тоқтатылады;
– Облыс орталығы, қала, аудан, ауылдық округ, ауыл ішінде жеке көліктердің жүруіне қатаң тыйым салынады;
– Бір отбасы мүшелерін қоспағанда, үш адамнан астам топтармен көшеде және басқа да қоғамдық орындарда жиналуға шектеу қойылады;
– Шұғыл қажет болмаған жағдайда тұрғын үйден шығуға тыйым салынады;
– Тұрғылықты жердегі отбасылық шараларға тыйым салынады;
– 65 жастан асқан адамдарға және он сегіз жасқа толмаған адамдарға жанында ересек адамдар болмаса үйлерінен шығуға тыйым салынады;