Basty bet
АВТО КӨЛІКТЕГІ ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ
Жуалы ауданы Төтенше жағдайлар бөлімі ЕСКЕРТЕДІ!!!
АВТОКӨЛІКТЕГІ ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ ҚОЗҒАЛЫС КЕЗІНДЕ АВТОКӨЛІК ЖАНҒАН КЕЗДЕ, КЕЛЕСІ ӘРЕКЕТТЕРДІ ІСТЕУ КАЖЕТ:
– Автокөлікті токтатыңыз;
-Қозғалтқышты
өшірініз;
– Барлық жолаушыларды шығарыңыз. Капоттың құлпын босатыңыз, бірақ капотты ашпаңыз;
-Егер от кішігірім болса, автокөліктегі өрт сөндіргішті пайдаланып отты сөндіруге тырысыңыз;
-«101» немесе «112» телефон нөмірлері арқылы өртке қарсы қызметін шақырыңыз;
-Қозғалтқыш бөлігіндегі өртті сөндіру кезінде суды колданбаңыз, себебі бұл
электр сымдардың қысқа тұйықталуына немесе жанып
жатқан бензиннің таралуына жол беріп, жану көлемін ұлғайтуы мүмкін;
– Егер жақын арада автокөлік жана бастаса мүмкіндігінше өзіңіздің көлігіңізді қауіпсіз жерге сүйреп апарыңыз.
Автокөлікте өрт болмас үшін:
– Автокөлігінюңізге техникалық қызметті уақытылы көрсетіңіз;
– Электр сымына назар аудара отырып, оның
жөндеулі болуын үнемі кадағалыңыз;
– Әрдайым өзіңізбен бірге көлікте өрт сөндіргіш алып жүрініз, оны оңай қол жетімді жерде ұстаңыз. Тәжірибе көрсеткендей, автокөліктегі жануды сөндіруге көмірқышқыл өрт сөндіргіш ең тиімді болып табылады.
Автокөлікте өрттің шығу мүмкіндігін барынша азайту үшін автокөлікті
техникалық жарамды күйде ұстау, зауыт нұскаулығының талаптарына сәйкес
пайдаланып қызмет көрсету, сондай-ақ өрт қауіпсіздігі ережелерін катаң сақтау қажет.
Жуалы ауданы ТЖБ және №7 ӨСБ