Basty bet

Абайлаңыз, ашық терезе!

 

 

Құрметті ата—аналар балалардың терезеден құлау жағдайларының алдын алуға арналағн қарапайым сақтық ережелерін сақтайық!

-терезеге темір торды арнайы талаптарға сай орнату қажет яғни, өрт кезінде ғимараттан шығаруға оңай ашылатындай етіп қарастыру. Тор шыбықтарының арақашықтығы бала басы симайтындай (10 см-ден аспауы тиіс) орнату.

-іштен ашылатын немесе жылжымалы торларды балалардың ашпауы үшін, арнайы бекіткіштер орнату.

-үйде балалар болған жағдайда, ешқашан терезені ашық қалдырмау.

-жиһаздарды терезе жанынан алшақ қою.

-балконға ересектерсіз шықпауы туралы балаға түсіндіру, қадағалау.

-терезені, іштен ашылатын және жылжымалы торлардың ашу тәсілдерін балаға көрсетпеу, үйретпеу.

-балаларға сақтық шараларын ұдайы үйрету және түсіндіру.

-ешқашан ұйықтап жатқан баланы жалғыз қалдырмаңыз, себебі бала оянғанда терезеге қарай ұмтылу мүмкін.

-баланы терезе алдына мінгізбеңіз, ұдайы қолыңызда ұстап тұрыңыз.

Біз үшін әр өмір маңызды.

Жуалы ауданы ТЖБ және №7 ӨСБ

Таңдаулы материалдар

Close