Basty betQoǵam

Он отбасына көмек көрсетілді

Аудан оралығындағы «Қайырымдылық» дүкеніде 1 наурыз – Алғыс айту күніне орай аудандық «Жастар ресурстық орталығының» ұйымдастыруымен қайырымдылық шарасы өтті.
Мақсаты – аз қамтылған көпбалалы және жалғыз ілікті қарттарға көмек көрсету.
Шараны аудандық мәслихаттың депутаты, «Зылиха» шаруа қожалығының төрағасы Керімқұл Бегалиев ашып, алдағы уақытта да қайырымы жандарға қол ұшын беретінін жеткізді.
Аудандық мәслихаттың депутаты Зайырбек Сұлтанмұратов та сөз сөйлеп, ауданда Елбасының халыққа арнаған Жолдауларында айтылған тапсырмаларға орай халықты әлеуметтік қорғау саласы бойынша жүйелі түрде жұмыстар атқарылатындығы туралы айтты.
Сөз кезегін алған «Жастар ресурстық орталығы» директорының міндетін атқарушы Мейіржан Телеуішов қайырымдылық шараға демеушілік жасаған бірқатар азаматтарға алғысын білдірді.
Шара барысында он отбасына күнделікті қажетті азық-түліктер таратылды.

«Жаңа өмір» – ақпарат

Таңдаулы материалдар

Close