Basty bet
Көктемгі дала жұмыстары кедергісіз жүруі керек
Аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімі Нарбай Ергебековтың төрағалығымен Жедел штабтың отырысы өтті. Отырыстың күн тәртібінде негізінен мемлекеттік Бас санитариялық дәрігерінің №34 ПГВр Қаулысында айтылған шаруа қожалықтардың көктемгі дала жұмыстарындағы қозғалысы талқыланды.
Нарбай Әбілқасымұлы орынбасары Асхат Жабағыға аудандық полиция бөлімі ауылдық округ әкімдерімен бірлесіп қаулыда көрсетілген құжаттары бар шаруаларға кедергі жасалмай тиісті жұмыстарын атқаруға рұқсат беруді тапсырды.
Бас мемлекеттік санитариялық дәрігердің №33 Карантиндік шараларды күшейту туралы Қаулысына сәйкес аудан аумағында құрылған блок-бекеттердегі жұмысты дұрыс ұйымдастыру, ондағы карантиндік шаралады күшейтуді назарда ұстауды да баса айтты.
Сонымен бірге, отырыста тұрғындардың көшеде бейберекет жүруін қатаң қадағалау, барлық қоғамдық орындарда карантиндік шаралардың сақталуын қадағалау туралы нақты тапсырмалар берілді.
«Жаңа өмір»- ақпарат