Basty bet
Тыныштық кепілі – талап пен тәртіп!
Өздеріңіз білетіндей елімізде індет жүріп, көптеген адамдар жұқпалы ауруға шалдығуда. Соған байланысты, мемлекет басшысы Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Республика көлемінде 16 наурыздан бастап төтенше жағдай енгізген болатын. Нәтижесінде аурудың таралу ошақтары дер кезінде анықталып, жедел ауруханаларға жеткізіліп ем қабылдау шаралары жүргізілді. Бүгінде елімізде орын алған төтенше жағдай режимі аудан тұрғындарына да оңай тимей отыр. Әр санатта жұмыс жасайтын тұрғындардың айлық табыстарынан айрылғандарына мемлекет тарапынан біржолғы қаржылай және азық-түліктей де көмектер берілуде. Сонымен қатар, аудандағы кейбір жеке кәсіпкерлердің және ерікті жастардың бастамасымен аз қамтылған көпбалалы отбасыларына азық-түліктер жеткізіліп берілуде. Осындай алмағайып уақытта мемлекетіміз барлық кәсіпкерлік саласына қажетті қаражаттарын бөлді. Бүгінгі мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдаған үндеуі аудан тұрғындарына да бір серпіліс жасады.Үндеуді ел болып қолдап, бекітілген талап-тәртіпке бағынып, сабыр сақтауға шақырамыз.
Біз Біргеміз!
МЕЙІРЖАН ТЕЛЕУШОВ,
“Жастар ресурстық орталығы” КММ директоры