Basty bet

Жуалы ауданының прокуратурасы келесі Заң талаптарын түсіндіреді

Сауда және индустрия министрлігі, Ауыл шаруашылығы министрлігі, Ұлттық экономика министрлігінің 03.04.2020 жылы «Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына шекті бөлшек сауда бағаларын енгізу туралы» бірлескен бұйрығы бекітілді.
Бұйрық негізінде төтенше жағдай кезінде 9 түрлі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының шекті бөлшек бағалары Жамбыл облысы бойынша төмендегідей бекітілген: бірінші сұрыпты бидай ұны, килограмм-149 теңге, бірінші сұрыпты ұннан жасалған бидай наны (пішінді), килограмм-138 теңге, рожки (өлшеніп салынатын) килограмм-206 теңге, қарақұмық жармасы (дән, өлшеніп салынатын) килограмм-260 теңге, тазартылған күріш (домалақ дәнді, өлшеніп салынатын) килограмм-258 теңге, сиыр еті (сүйекті жауырын-төс бөлігі) килограмм-1774 теңге, тауық жұмыртқасы (1 санатты) ондық -271 теңге, күнбағыс майы, килограмм-418 теңге, ас тұзы (экстрадан басқа) килограмм-52 теңге.
ҚР 12.04.2004 жылғы «Сауда қызметін реттеу туралы» Заңының 8-тармағы 7-тармақшасына сәйкес, ауданның жергілікті атқарушы органдары, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына рұқсат етілген шекті бөлшек сауда бағалары мөлшерінің сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады.
Аталған Заңның 9-тармағы 1-тармақшасына сәйкес, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын беру шарттарын жасасу кезінде шекті сауда үстемесінің мөлшері міндетті түрде белгіленуі тиіс. Осы талап бұзылып жасалған мәміле жарамсыз деп танылады.
Осы тармақтың 2-тармақшасында, белгіленетін әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына рұқсат етілген шекті бөлшек сауда бағаларының мөлшерлерін арттырған кезде ішкі сауда субъектісі Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады.
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына жол берілетін шекті бөлшек сауда бағаларын мөлшерінен асыру ҚР ӘҚБтК (әкімшілік кодекс) 202-бабы 1-бөлігімен 100 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеледі.
ӘҚБтК 729-бабы 1, 2 бөліктеріне сәйкес, ауданның жергілікті атқарушы органы осы Кодекстің 202-бабында көзделген Әкімшілік құқықбұзушылық туралы істерді қарайды, әкімшілік құқықбұзушылық туралы істі қарауға және әкімшілік жазаны қолдануға ауданның әкімі, оның орынбасарлары құқылы.
Тауарларды құжаттарсыз сату ӘҚБтК 203-бабы 1-бөлігімен шағын кәсіпкерлік субъектілеріне-45, орта кәсіпкерлік субъектілеріне-70, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне -150 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеледі.
ӘҚБтК 720-бабына сәйкес, мемлекеттік кіріс органдары осы Кодекстің 203-бабында көзделген әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы істерді қарайды.
Құрметті азаматтар!
Аталған заңнамалар талаптарын сақтауды және олардың бұзылуына жол бермеуді сұраймыз.

Таңдаулы материалдар

Close