Basty bet

Жұмыс барысымен танысты

Аудан әкімі Нарбай Ергебеков сейсенбі күні аудандық ауруханаға барып, карантин жағдайындағы жұмыс барысымен танысты.

Ауруханадағы жұмыс барысымен аудандық аурухана бас дәрігерінің орынбасарлары Нұрбай Ергебеков пен Қалдыбай Байрамов таныстырды. Алдымен инфекциялық аурухананың, сосын аудандық аурухананың науқастарды қабылдау бөлімінің талапқа сай жабдықталуын көрсетті.
Ауданымызда коронавирустық инфекциямен ауырған адам жоқ. Алайда коронавирустық инфекцияға қолайсыз елден келген және «Теңізшевройл» компаниясында жұмыс атқарған 48 азамат бақылауға алынды. Олар қазіргі таңда үй карантинінде. Аурухана көпреттік және бірреттік қорғаныс құралдарымен қамтылған. Қажетті дәрі-дәрмектер жеткілікті.
Жағдаймен қаныққан аудан басшысы Нарбай Әбілқасымұлы аурухана басшылығына жалпы дәрігерлерге және аудандағы бақылау бекетінде тәулік бойы қызмет атқарып отырған медициналық қызметкерлеріне алғысын жеткізді.
* * *
Сәрсенбі күні аудан әкімі «Бурное сүт компаниясына» барып, кәсіпорынның бүгінгі жағдайымен танысты. Аталған кәсіпорын елдегі төтенше жағдай кезінде де өз жұмысын тоқтатқан жоқ. Себебі, халықты азық-түлікпен қамту – елдегі өзекті мәселелердің бірі. Сондықтан кәсіпорын жұмысшылары тоқтаусыз еңбек етті. Кәсіпорын басшысы Әбдібек Пошқаев жұмыс барысында кездесетін мәселелерін айтты. Яғни, темір жол арқылы өнімдерінін тасымалдауда біршама қиындықтар барын, Түлкібас ауданынан келетін сүтті карантинге байланысты сүт тасымалдаушылар жеткізе алмай отырғандығы, автокөлік бөлшектерінің қымбаттауы, зауытты кеңейту мақсатында қондырғылар алып қойғаны, алайда төтенше жағдайға байланысты мамандардың шетелден келе алмай жатқандығы және аудан халқына сүт бағытында ірі қара асырауға жеңілдетілген несиелер берілсе деген тілектерін жеткізді. Аудан басшысы кәсіпорынның аудан деңгейінде шешілетін мәселелерін бақылауға алынатынын айтты.
Аудан басшысы сонымен бірге аудан орталығындағы «Жасыл» дүкеніне барып, ондағы баға тұрақтылығын бақылады. Әлеуметтік бұрыштағы азық-түліктердің бағасын, қорын сұрады. Кәсіпкерді осындай қиын жағдайда халықпен бірге болып, бағаны көтермей, қолдан келгенше халық үшін сауап іс жасауға шақырды.

Перизат шымыртайқызы,
«Жаңа өмір»

Таңдаулы материалдар

Close