Qoǵam

Халықтың өмірі мен қауіпсіздігі бәрінен маңызды

Еліміздің Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 1 мамырдағы № 35 «Қазақстан Республикасы Президентінің «ҚР-да төтенше жағдайды енгізу туралы» Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасы халқының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы» Қаулысында ел аумағында коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алу және халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында шектеу іс-шараларының жаңа жүйелері мен орталық және жергілікті мемлекеттік басқару органдары, құқық қорғау және арнайы органдар, денсаулық сақтау саласындағы жергілікті басқару органдарының іс-қимыл алгоритмі белгіленді.

Қаулыда орталық және жергілікті мемлекеттік басқару органдары, құқық қорғау және арнайы органдар, денсаулық сақтау саласындағы жергілікті басқару органдары басшыларына бірқатар жаңа міндеттер жүктелді. Қаулыға сәйкес орталық және жергілікті мемлекеттік басқару органдары, құқық қорғау және арнайы органдар денсаулық сақтау ұйымдарында, жедел медициналық жәрдем машиналарында, жергілікті атқарушы органдар карантин үшін айқындаған үй-жайларда, сондай-ақ медицина қызметкерлері үйде медициналық көмек көрсету, ошақта эпидемиологиялық тергеп-тексеру жүргізу, науқастардан және байланыста болған адамдардан сұрау және сауалнама алу кезінде аудио, фото және бейне түсірілім жүргізуге тыйым салуды; көпшілік іс-шараларын (мерекелік, спорттық-көпшілік, ойын-сауық мәдени-көпшілік іс-шараларды, конференциялар, семинарлар, көрмелер және т. б.) өткізуге тыйым салуды; Токио-2020 Олимпиада және Параолимпиада ойындарына ұлттық құрама командаларды дайындау үшін оларды пайдалану кезеңінде ғана Ұлттық олимпиада комитетінде аккредиттелген спорттық базаларды қоспағанда, кинотеатрлар, түнгі клубтар, фитнес, тренажер залдары (орталықтары), сауда-ойын-сауық орталықтары жанындағы балалардың ойын алаңдары, мектептен тыс қосымша білім беру ұйымдары (дамыту, білім беру орталықтары, үйірмелер, факультативтер және т.б.), компьютер клубтары, спорт кешендерінің (үйірмелер, секциялар) қызметін тоқтата тұруды; медициналық көрсетілімдер бойынша сапарды қоспағанда, коронавирустық инфекцияға қолайсыз елдерге халықаралық спорттық, мәдени, туристік іс-шараларға шығуға тыйым салуды қамтамасыз ететін болады.
Азаматтарға шетелге емделуге шығуға екі адамнан артық емес адам еріп жүргенде мынадай құжаттар болған жағдайда рұқсат беріледі:
– диагнозды және емдеудің шұғылдығын растау үшін аумақтық амбулаториялық-емханалық ұйымның дәрігерлік-консультациялық комиссиясының «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген 035-1/е нысанға сәйкес қорытындысы;
– аудармасы нотариалдық куәландырылған шетелдік медициналық ұйымның емдеуге шақыру хаты;
Орталық және жергілікті мемлекеттік басқару органдары, құқық қорғау және арнайы органдар сонымен қатар халықтың тыныс-тiршiлiгiн қамтамасыз ететін ұйымдардың қызметкерлерін, сондай-ақ медициналық көрсетілімдер бойынша шығатын және кіретін адамдарды, сондай-ақ карантин енгізілген кезеңде стационарларда емдеуде және карантиндік және провизорлық стационарларда бақылауда болған адамдардың шығуын қоспағанда, карантин жарияланған өңірлер/қалалар аумағынан шығуға және оларға кіруге тыйым салуды қамтамасыз етпек.
Медициналық көрсетілімдер бойынша екі адамнан артық емес адам еріп жүргенде карантин жарияланған өңірлер/қалалар аумағына азаматтардың келуіне және олардан шығуына мынадай құжаттар болған жағдайда рұқсат беріледі:
– диагнозды және емдеудің шұғылдығын растау үшін аумақтық амбулаториялық-емханалық ұйымның дәрігерлік-консультациялық комиссиясының «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген 035-1/е нысанға сәйкес қорытындысы;
– бірінші басшы қол қойған және гербті мөрмен расталған диагнозы көрсетілген және шұғылдығын растайтын карантиндік аймақта орналасқан медициналық ұйымнан шақыру хаты;
Осы қаулының 3-тармағының 5) тармақшасында көрсетілгеннен басқа адамдардың жекелеген санаттарына шығуға және кіруге рұқсатты жергілікті атқарушы органдар береді. Бұл ретте көрсетілген адамдар келген орнында 14 күнге үй карантиніне жатады.
Бұлардан бөлек, аталған органдарға қоғамдық тамақтану объектілерінде кальяндарды пайдалануға тыйым салуды; медициналық ұйымдарда, қарттар мен мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған медициналық-әлеуметтік объектілерде, сәбилер үйлерінде, балалар үйлерінде, әлеуметтік оңалту орталықтарда, мүгедек балаларға арналған, интернат типіндегі оқу орындарында карантинді және санитариялық-дезинфекциялық режімді сақтау; адамдар көп жиналатын объектілерде және тыныс-тіршілікті қамтамасыз ету (сауда-ойын-сауық орталықтары, базарлар, ХҚКО, моншалар, діни мақсаттағы, коммуналдық шаруашылық, тамақ өнеркәсібі, қоғамдық тамақтану объектілері, вокзалдар, әуежайлар, қызмет көрсету салалары (сұлулық салондары, ателье және басқалары) объектілерінде күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режімді (қолды өңдеу үшін санитайзерлерді орнату, күніне екі реттен сиретпей беттерді өңдеу, дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып ылғалды тазалау, желдету); әрбір рейстің алдында қоғамдық көлікті, әуежайларды, теміржол және автовокзалдарды, супермаркеттерді, базарларды, қоғамдық көлік аялдамаларын (күніне кемінде екі рет), жерүсті және жерасты жаяу жүргіншілер өтпелерінің таяныштарын, спорттық снарядтарды, балалар және спорт алаңдарын, орындықтар мен сәкілерді, банкоматтарды, банк терминалдарын, POS-терминалдарды жуу және дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып өңдеуді қамтамасыз ету жүктеледі. қоғамдық жерүсті және жерасты жаяу жүргіншілер өткелдерін, тротуарларды, саябақтар және скверлердің жаяу өту жолдарын, алаңдарды, теміржол және автовокзалдарға іргелес аумақтарды, автомобиль жолдарын және базарлардың аумақтарын жуу құралдарын қолдана отырып өңдеуді; көкөністер мен жемістерді қоспағанда, тамақ өнімдерін өлшеп-оралған түрде өткізуді; сауда, қоғамдық тамақтану объектілерінде халыққа ауысымында және бүтіндігі бұзылған кезде кемінде екі рет ауыстыруға жататын бір рет қолданылатын қолғаптармен (сатушылар, аспаздар, даяшылар, кассирлер және тамақ өнімдерімен тікелей жанасатын басқа да адамдар) қызмет көрсетуді; ірі сауда объектілері аумағында орналасқан фуд-корттардағы үстелдер арасында кемінде 2 метр арақашықтықтың сақталуын; инфекцияның клиникалық белгілері бойынша ұқсас вирустық инфекция белгілері бар науқастарды (және күдікті адамдарды) белсенді эпидемиологиялық қадағалауды, анықтауды және оқшаулауды; іс-әрекеті инфекцияға күдікті науқастарды қараумен, тасымалдаумен, ошақтағы жұмыспен, емдеуге жатқызумен, емдеумен және оларға қызмет көрсетумен байланысты медицина қызметкерлерінің және персоналдың қорғаныш дәрежесі жоғары маскаларды немесе респираторларды пайдалануын; тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы және қауіпсіздігін бақылау комитетінің аумақтық бөлімшелерінің, денсаулық сақтау ұйымдарының мамандары үшін инфекцияның эпидемиологиясы, клиникалық белгілері, диагностикасы мәселелері бойынша семинарлар ұйымдастыруды және өткізуді; І-ІІ типті қорғаныш костюмдерін және жеке қорғаныш құралдарын көрсете отырып, инфекция кезіндегі эпидемияға қарсы іс-шараларды жүргізу бойынша өңірдің медициналық ұйымдарының барлық қызметкерлерін толық қамти отырып, нұсқама жүргізуді; турларды ұйымдастырушылар (туристік фирмалардың мамандары) мен саяхатшылар (медициналық, жеке және бизнес туризмі) арасында инфекцияның таралуының профилактикасы және алдын алу жөнінде нұсқама және түсіндіру жұмыстарын жүргізуді; инфекцияның профилактикасы мәселелері бойынша халықты үнемі ақпараттандыруды, халық арасында үрейленудің алдын алу жөнінде шаралар қабылдауды; жеке өңірде төтенше жағдай (ТЖ) жарияланған кезде блок-бекеттерде санитариялық-карантиндік бақылауды ұйымдастыруды және орындалуын бақылауды; санитариялық-карантиндік шараларды (санитариялық-дезинфекциялық режім, әлеуметтік қашықтық, медициналық маскаларды пайдалану, санитайзерлердің болуы және т. б.) ескере отырып, ағымдағы жылғы 27 сәуірден бастап қызметі қайта басталған объектілерге қойылатын талаптарды; пенитенциарлық (қылмыстық-атқару) жүйесі мекемелерінде санитариялық-дезинфекциялық режімді сақтау алгоритмін сақтауды; өнеркәсіп орындардағы және өндірістік объектілердегі, оның ішінде вахталық әдіспен жұмыс істейтін объектілердегі санитариялық-дезинфекциялық іс-шаралар алгоритмін сақтауды; медициналық-әлеуметтік объектілерде санитариялық-дезинфекциялық режим алгоритмін сақтауды; еңбек ұжымында (офистерде) эпидемияға қарсы режим алгоритмін сақтауды; жеке қорғаныш құралдарын пайдалану және кәдеге жарату жөніндегі ұсынымдарды сақтауды; өнеркәсіптік және индустриялық кәсіпорындардың, құрылыс компанияларының (құрылыс салушылардың) жұмыс алгоритмін сақтауды; коронавирустық инфекцияның алдын алу шаралары бойынша қызмет ережелерін сақтауды; қызмет көрсету саласы объектілерінің (сұлулық салондары, шаштараздар, химиялық тазарту, кір жуу орындары, ұйымдастыру техникасын жөндеу) жұмыс алгоритмін сақтауды қамтамасыз ету жүктеледі.
Бас мемлекеттік санитариялық дәрігердің қаулысы негізінде денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік басқару органдарының басшыларына да бірқатар тың міндеттер жүктелді. Қаулыға сәйкес олар басқалардан бөлек, қажет болған жағдайда уақытша еңбекке жарамсыздық парақтарын (еңбекке жарамсыздық парағы) үйде карантиндегі адамдар үшін медициналық ұйымдарға бармай ресімдеуді; тегін амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету шеңберінде пациенттерге үйге рецептерді онлайн-беруді немесе жеткізуді ұйымдастыруды; МСАК дәрігерлерінің жоспарлы қабылдауын және амбулаториялық-емханалық ұйымдар дәрігерлерінің жоспарлы консультацияларын телефон арқылы немесе бейнеқоңырау көмегімен қашықтықтан қызмет көрсету форматына ауыстыруды; қажет болған жағдайда жоспарлы медициналық көрсетілетін қызметтерді (жоспарлы емдеуге жатқызу, профилактикалық тексеру, скринингтер, оңалту) тоқтатуды /шектеуді; МСАК ұйымдарында қабылдау уақытын 09.00-ден 16.00-ге дейін қысқартуды; халыққа МСАК жұмыс күнінің қысқарғаны туралы және дәрігерлер мен мейіргерлердің Skype, Zoom және басқа да қосымшалар (Telegram, What’s App, WeChat және т. б.) арқылы телефонмен консультация беретіні туралы хабарлауды; күндізгі стационарлардың, оңалту бөлімшелерінің, созылмалы аурулары бар пациенттерге арналған мектептердің, босануға дайындық курстарының және адамдардың жиналуын білдіретін басқа да кабинеттердің қызметін тоқтата тұруды; босандыру ұйымдарында жаңа туған нәрестелерге (БЦЖ және ВВГ); инфекциялық аурулардың табиғи ошақтарында тұратын және жұмыс істейтін тұрғындарға (көктемгі-жазғы кене энцефалиті, күйдіргі, туляремия, оба); кез келген жануар тістеген немесе сілекейлеген адамдарға (құтыру); тері жабыны мен сілемейлі қабықтарының бүтіндігі бұзылуы арқылы зақым, жарақат алған адамдарға (сіреспе); эпидемиологиялық көрсетілімдер бойынша инфекция ошақтарында байланыста болған адамдарға жүргізілетін профилактикалық екпелерді қоспағанда, ерекше өкімге дейін профилактикалық егулер жүргізуді тоқтата тұруды қамтамасыз ететін болады.

Таңдаулы материалдар

Check Also

Close
Close