Basty bet

спорт нысандарының инфрақұрылымы жаңартылуда

Ағымдағы жылы Жамбыл облысында спорт нысандарының инфрақұрылымын жаңарту бойынша 120 жоба жүзеге асырылуда. Осы жобаларды іске асыру аясында 13 жаңа дене шынықтыру -сауықтыру кешені және 92 спорт алаңы салынып, бірнеше нысандар күрделі жөндеуден өтеді.
«Самұрық-Қазына Траст» әлеуметтік жобаларды дамыту Қоры тұрғындардың саламатты өмір салтын қалыптастыруға белсенді атсалысуда. Бүгінде аталған қор есебінен Жамбыл облысында «Менің елім» әлеуметтік инвестициялық бағдарламасы аясында үш әмбебап спорттық және балаларға арналған ойын алаңдары салынуда. Оның бірі Таразда, қалған екеуі Байзақ және Қордай аудандарында жүзеге асуда. Әр осындай кешеннің ауданы шамамен 1300 шаршы метрді құрайды.
Алаң аумағында жасанды көгалы бар футбол алаңы, workout-алаңшасы және балаларға арналған ойын алаңшалары қамтылған. Алаңның периметрі бойынша орындықтар орнатылуда.
– Жобаның мақсаты – халықтың саламатты өмір салтын қалыптастыруына және олардың бос уақытын ұйымдастыруға ықпал ету. Бұл алаңдар тек жастардың ғана емес, барлық отбасы мүшелерінің жиі келетін орнына айналады деп сенеміз, – дейді «Самұрық-Қазына Траст» қорының өкілі Мирас Іргебаев.
Пайдалануға берілгеннен кейін нысандар олардың сақталуын және функционалдығын қамтамасыз ету үшін жергілікті атқарушы органдардың теңгеріміне тапсырылатын болады.
Жамбыл облысы әкімінің
баспасөз қызметі

Таңдаулы материалдар

Close